Раккада бейбіт азаматтар қаза тапты

Ракка қаласында болған шабуылда 14 бейбіт азамат қаза тапты.

Раккада бейбіт азаматтар қаза тапты

Сирияның солтүстігінде террорлық ұйым ДАИШ бақылауындағы Ракка қаласында болған шабуылда 14 бейбіт азамат қаза тапты.

Бұл туралы «Ракка үнсіз қырылуда» атты белсенділер желісі әлеуметтік желіде білдірді. Хабарламада АҚШ басшылығындағы халықаралық коалицияның бір ұшағының Хомустың Тедмур ауданында Раккаға көшіп бара жатқан екі отбасыға әуеден шабуылдап, 14 адамның өлгені айтылды.

Сирия Адам құқықтары желісі елде АҚШ басшылығындағы коалиция күштерінің 3 жыл бұрын бастаған операцияларында бүгінге дейін 2 мың 286 адамның қаза тапқанын хабарлады.  Бұлардың 674-і балалар, 504-і әйелдер.

АҚШ басшылығындағы коалиция күштері 2014 жылдың 23 қыркүйек күні Сирияда ДАИШпен күрес аясында операцияларын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар