Жарты миллионнан астам бала көмекке мұқтаж

ЮНИСЕФ Ливияда жарты миллионнан астам баланың гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін білдірді.

Жарты миллионнан астам бала көмекке мұқтаж

ЮНИСЕФ Ливияда жарты миллионнан астам баланың гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін білдірді.

ЮНИСЕФ Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймақтары директоры Гиирт Каппелайр Ливияға сапарынан кейін жазбаша мәлімдеме жариялады. Ол елде 550 мыңнан астам баланың қантөгіс, саяси тұрақсыздық және экономикалық тоқырау себебімен гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін білдірді.

Ливиялық балалар үшін елдегі дағдарысқа тез арада саяси шешім табу керектігін атап көрсеткен Каппелайр «Кейбір аймақтардағы қантөгіс салдарынан отбасылар үйлерінен кетуге мәжбүр болды. 80 мыңнан астам босқын бала бар. Осы балалар қиянат пен отарлауға душар болуда» деді.

Өкіл ЮНИСЕФ-тің 2011 жылдан бері балалардың мұқтаждықтарын қамдау үшін жұмыстанғанын еске салды. Өткен жылы 1,3 миллион балаға балалар параличіне қарсы екпе егілді.



Ұқсас жаңалықтар