Мадуроға қарсы санкция

АҚШ Мадуроны қара тізімге алды.

781178
Мадуроға қарсы санкция

Америка Құрама Штаттары әкімшілігі Венесуэлада атазаңның қайтадан жазылуы үшін өткізілген мәжіліс сайлауынан кейін елдің президенті Николас Мадуроға қарсы санкция шешімін қабылдады.

АҚШ Қазына министрлігі Шетелдік болмыстардың қазына бақылау кеңсесі Венесуэла президенті Мадуроға елінде авторитарлық билік құруға бағытталған істеріне байланысты санкция жүргізілетінін білдірді.

Хабарламада былай деп жазылды: «Бұл сайлау Венесуэланың атазаңдық және демократиялық жүйесі үшін бөлшектенуді көрсетеді.  Мадуро үкіметі құрушы мәжіліс сайлауын Венесуэла халқының және әлемдегі демократиялық үкіметтердің қарсы шыққанына қарамастан өткізді.  Құрушы мәжілістің құрылуы Мадуроның Венесуэла демократиясын және құқықтық үстемдігін әлсірету үшін істеген істерінің артынан келді».

Осы шешім арқылы Мадуроның АҚШ-тағы барлық активтеріне бұғау салынды. Америкалықтардың да онымен қатынас құруына тыйым салынды.



Ұқсас жаңалықтар