2,1 миллиард адамның үйінде таза ауыз суы жоқ

БҰҰ деректері жарияланды.

2,1 миллиард адамның үйінде таза ауыз суы жоқ

БҰҰ-ның деректеріне қарағанда әлем көлемінде 2,1 миллиард адамның үйінде таза суға, 4,5 миллиард адамның гигиеналық тазалық қызметтеріне қолжетімділігі жоқ.

Дүниежүзілік Денсаулықты сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ бірігіп,  «Таза ауыз суы, санитария және гигиена 2017» атты есеп жариялады.

Есепте көптеген үй,  мектеп және медицналық базада әлі күнге су және қол жуатын сабын жоқтығы атап көрсетілді. Бұл жағдай әсіресе балалардың денсаулығына әсер етеді.

Таза ауыз суы және гигиена мүмкіндігі болмағандықтан жыл сайын бес жасына толмаған 361 мың бала іші өтіп, шетінеп кетеді.

Жеткіліксіз гигиеналық тазалық және лас су тырысқақ,  дизантерия, А типі гепатит сынды аурулардың таралуына себеп болуда.



Ұқсас жаңалықтар