Түркия, Ресей және Иран қақтығыссыз аймақ тақырыбында келісті

Михаил Богданов Сирияда қақтығыссыз аймақ параметрлерін Астана процесінде бекітілуін күткендерін білдірді.

758224
Түркия, Ресей және Иран қақтығыссыз аймақ тақырыбында келісті

Сириядағы қақтығыссыз аймақ тақырыбында Түркия, Ресей және Иран келісті.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов Түркия, Ресей және ирандық мамандар жүргізген келіссөздерде қақтығыссыз аймақтың параметрлерінің егжей-тегжейлі қолға алынғаны білдірілді.

Богданов келіссөздер нәтижесінде Ресей, Түркия және Иранның қақтығыссыз аймақ параметрлерімен байланысты принципті қабылдағанын жариялады.

Үш кепіл елдің бекітуімен кейбір құжаттардың дайындалғанын атап көрсеткен Богданов осылардың 4-5 шілде күні Қазақстанда өтетін Астана процесінде қабылдануын үміт еткенін атап көрсетті.

Богданов сириялық оппозиционерлердің өкілдерінің де келіссөздерге қатысуын күткендерін қоса айтты.



Ұқсас жаңалықтар