Лавров маңызды мәлімдеме жасады

Сергей Лавров Америка Құрама Штаттарына Сирия жөнінде үндеу тастады.

Лавров маңызды мәлімдеме жасады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Америка Құрама Штаттарына Сирияның бекітуі болмаған Сирияда жалғыз өзі  әрекет жасаудан аулақ тұруы жөнінде үндеу тастады.

Ресей Сыртқы істер министрі Лавров АҚШ басшылығындағы коалиция күштерінің Раккада Сирия армиясына тиесілі бір ұшақты құлатуымен байланысты мәлімдеме жасады.

 Қытайдың астанасы Пекинде Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Корея сыртқы істер министрлері саммиті аясында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасаған Лавров «Сирия туралы сөз қозғайтын болсақ, Сирияның тәуелсіздігі мен территория тұтастығына құрмет көрсету керек, Сириядағы әрқандай бір әрекет Дамаск әкімшілігінің бекітуімен ғана болады» деген сөздер қолданды.

 Ресей, Иран және Түркияның Астана процесі айында Сирия үкіметімен келіскенін де түсіндірген Лавров «Барлық тараптар осылай әрекет жасауы керек» деді.

         


Этикеттер: АҚШ , Сирия , Ресей

Ұқсас жаңалықтар