Иранда елбасы сайлауы басталды

Иранда халық елбасы және қалалық мәжіліс сайлауы үшін дауыс береді.

Иранда елбасы сайлауы басталды

63 мың орталықта құрылған 130 мың сандықта дауыс беру жұмыстары басталды.

Елбасы сайлауының ең мықты үміткерлері реформисттердің қолдауын алған Хасан Рухани мен радикал діншілдердің үміткері Ибрахим Реиси.

Иранда 56 миллионнан астам тіркеулі сайлаушы бар.

Діни басшы Айетуллах Хаманей дауыс беру процесі басталған соң елбасы сайлауына қатысушы мөлшерінің жоғары болуының маңызына тоқталып, баршаны дауыс беруге шақырды.

Иранда елбасы сайлауы үшін Атазаң қорғаушылары кеңесі тарапынан белгіленген 6 үміткерден екеуі сайлаудан шегінгенін жариялаған болатын.

Үміткерліктен бас тартқандардан елбасының бірінші орынбасары реформист Исхак Джихангири Рузаниге, діншіл қауымның үміткері Тегеран қала әкімі Мұхаммед Бакыр Галибах болса Реисиге қолдау беретінін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар