Ұлыбританияда Сирия жиналысы болады

Жиналысқа Түркия атынан Сыртқы істер министрі қатысады.

566480
Ұлыбританияда Сирия жиналысы болады

Сириядағы оқиғалар Ұлыбританияда қолға алынады.

Түркияның атынан сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қатысатын жиналыс ертең Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон басшылығында өтеді.

Жиналысқа Түркиямен қатар Франция, Америка Құрама Штаттары,  Сауд Арабиясы, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Иордания, Италия және Еуропа Одағы басшылары да шақырылды.

Жиналыста Сирия келіспеушілігіндегі соңғы оқиғалардың қолға алынуы жоспарланды.

Аталмыш жиналыста Сирия оппозициясының Келіссөз жоғары кеңесінің координаторы Риад Хиджаб та елінің ұстанымы жөнінде мәлімет береді.



Ұқсас жаңалықтар