Иракта ДАИШ-ке үлкен соққы

Коалиция күштері Эль-Фаллуджаға жасаған әуе операциясында 250 ДАИШ мүшесінің өлтірілгенін жариялады.

521510
Иракта ДАИШ-ке үлкен соққы

АҚШ басшылығындағы коалиция соғыс ұшақтары Ирактың Эль-Фаллуджа қаласына әуе операциясы жасады. Алғашқы мағлұматтарға қарағанда шабуылда 250 ДАИШ мүшесі өлтірілді.

Лауазымдылар ұйымға тиесілі 40 көліктің де жойылғанын білдірді.

Рейтер хабар агенттігі атын жасырған АҚШ лауазымдысына сілтеген ақпарға қарағанда кешегі операция ДАИШ-ке қазірге дейін берілген ең үлкен соққы болып табылады.

Хабарда әуе операциясының қаланың оңтүстігіне жасалғаны, сол аймақта қазір жазықсыз адамдардың өмір сүрмегені атап көрсетілді.

Ирак Бірікке полиция ұйымы басшысы Раид Джевдет дүйсенбі күні жасаған мәлімдемеде 2014 жылдан бері ДАИШ-тің бақылауындағы және АҚШ соғыс ұшақтарының қолдауымен кері қайтарылған Эль-Фаллуджа операциясында ұйымның басшы кадрлары да орын алған мың 500 террористтің өлтірілгені алға тартылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар