Ауруханаларға шабуыл

Шабуылдар нәтижесінде 959 адам қайтыс болды.

498714
Ауруханаларға шабуыл

Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымы соңғы екі жылда ауруханалар мен медициналық орталықтарға 594 шабуыл жасалғанын,  осының нәтижесінде 959 адам қайтыс болғанын білдірді.

Ұйым 1561 адамның да жарақат алғанын атап көрсетті.

Ұйымның рапортында Таяу Шығыс және Африка сынды 19 елде аурухана мен медициналық орталықтарды нысанаға алған шабуылдарға назар аударылды.

Аурухана, медициналық орталық және қызметкерлеріне бағытталған шабуылдардың 60 пайызынан астамы қасақана ұйымдастырылған шабуылдар.  Шабуылдардың 50 пайыздан астамын үкіметтер,  үштен бірін болса қарулы топтар жасаған.

Ең көп шабуыл болған Сирияда ауруханаларға 228 шабуыл жасалды.



Ұқсас жаңалықтар