Путин-Абэ кездесуі

Ресей президенті Владимир Путин Жапония премьер-министрі Синдзо Абэны Сочиде қонақ қылды.

Путин-Абэ кездесуі

Ресей президенті Владимир Путин Жапония премьер-министрі Синдзо Абэны Сочиде қонақ қылды.

Кездесуге байланысты баспасөз өкілдеріне мәлімет берген Путин екі елдің күн тәртібінде арнайы назар аударатын кейбір тақырыптар бар екенін айтты.  Владимир Путин: «Жапония тек көршіміз емес,  Азия Тынық мұхит аймағында маңызды серігіміз.  Осы сапарды елдерімізге қатысты тақырыптарды талқылау үшін маңызды мүмкіншілік ретінде қабылдаймын» деді.

Жапония премьер-министрі Абэ де Путинмен кездесуінде екі ел арасындағы саяси,  экономикалық, мәдени қатынастарымен қоса ағымдағы халықаралық тақырыптарда пікір алмасқанын айтты.

Кездесуден кейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров екі ел арасында маусым айында сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде жиналыс өткізілетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар