Ирак армиясы Тикрит қаласын кері қайтарып алды

Ирак армиясы ИЛИМ экстремистік ұйымы бақылауындағы Тикритті қайтарып алды

110881
Ирак армиясы Тикрит қаласын кері қайтарып алды

Ирактың солтүстігіндегі Салахаддин қаласының губернаторы Ахмед Абдуллах эл-Джубури Тикрит қаласының Ирак-Левант ислам мемлекеті басшылығындағы қарулы топтардан кері қатарылғанын жариялады.
Губернатор Джубури «әуеден қолдау берілген Ирак армиясы жан-жақтан шабуылдап, Тикрит қаласын ИЛИМ басшылығындағы қарулы топтартың қолынан қайтарып алды. Қазір қала орталығына арнайы жасақтар қоныстандырылуда» деді.
Басқа жағынан Ирактың жартылай ресми теледидары Эл-Иракийеде Ирак армия жасақтары мен қарулы топтар арасындағы қақтығыстарда 60 қарулы адамның қаза тапқаны және армия жасақтарының губернаторлықты қолға түсіргені атап көрсетілді.
Куәгерлер армия жасақтары мен қарулы топтар арасындағы қақтығыстардың солтүстік майданда шоғырланғанын атап көрсетеді.
Қысқа уақыттан бері қақтығыс пен әкімшілік кемшіліктері бар елде Иран-Левант ислам мемлекеті ұйымы мен кейбір рулар Мосул, Тикрит, Бакуба және Телафер қалаларын қолға түсірген болатын.
Анбардың Эл-Каим, Раве, Анех, Ратбе және Хадисе аудандары ИЛИМ экстремистік тобының бақылауына өткен болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар