Мысырда тағы өлім жазасы шешімі қабылданды

Мысырдағы Александрия Жаза соты 63 адамның сот шешімін жариялады

70125
 Мысырда тағы өлім жазасы шешімі қабылданды

Александрия қаласында төңкеріске қарсы шыққан 1 адамды дарға асуға, 18 адамды да өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы шешімі қабылдады.
63 адамның «төңкеріске қолдау берген бір жасты өлтіру» айыбымен сотталғаны отырыс Александрия Жаза сотында өткізілді.
Сот әскери төңкеріспен міндетінен алыстатылған елбасы Мұхаммед Мурсиге қарсы шерулерде «төңкерісті жақтаған бір жасты ғимараттың төбесінен лақтырып өлтіргені» қауесетімен сотталған 1 адамға өлім жазасы, 18 адамға болса өмір бойы бас бостандығынан айырылу шешімі қабылдады.
Тағы басқалар болса 7 мен 15 жыл арасында сотталды, сот апелляцияға беру жолының ашық екеніне үкім қабылдады.
Александрияның Сиди Жабир аймағында 2013 жылы 5 шілде күні төңкеріске қарсы топтар мен жақтастары арасында шыққан қақтығыстардың артынан 63 адам жайлы «қастандық, қару тасу, Ихван ұйымына мүше болу» сияқты қауесеттермен сот ашылған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар