Шетел баспасөзіне шолу

Шетел баспасөзінің басты тақырыптары.

Шетел баспасөзіне шолу

El País: "Испания шіркеуі 1975 жылдан бері диктатор Франконың сүйектері жерленген ескерткіш мазарды ашуға рұқсат бермеді."

El Mundo: "Испан социалистік жұмысшы партиясы (PSOE) сайлаушыларының жартысы Каталонияда Атазаңның 155-бабының іске қосылуын талап етуде."

El Mercurio: "Бразилия мемлекет басшысы Жаир Болсонару АҚШ-пен авторитарлық режимдерге қарсы бірге күресуге уәде берді."

Elhayat: "Вашингтон: АҚШ-тың Сириядан шегінуі Израильге берген қолдауына кері әсер етпейді."

Elriyadh: "Трамп: Еуропадағы танымалдығым мені қызықтырмайды."

Alkuds Alarabi: "АҚШ қауіпсіздік делегациясы бүгін Түркияда Гүленді ұстап беру мәселесін қолға алады."

Le Figaro : "Бразилияда ‘Социализмнен құтылу үшін’ жаңа бір үкімет билік басында."

Le Monde : "Шығыстың христиандарына батыстың қолдау мәлімдемелері қайда?"

Le Figaro : "АҚШ жалғыз қалдырған Еуропа жаңа жылға сенімсіздік және келіспеушіліктермен кірді."

EURONEWS-Германия:

Жаңа бейне көріністер Кашыкчының (Хошогги) мәйітін сөмкелермен Сауд Арабиясы Бас консулдығы резиденциясына апарылғанын көрсетеді.

ҚазИнформ: "Елбасы денсаулық жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды."

DEUTSCHE WIRTSCHAFTSNACHRICHTEN:

"Ердоған табиғи газ бағаларын арзандатуда, ең төменгі еңбекақыларын көтеруде."

TASS Хабар агенттігі: "Трамп СССР армиясының Ауғанстанға кіруін Кеңес Одағының құлдырау себебі ретінде көрсетті".

Известия газеті: "Американдық мамандар ең қауіпті ұялы телефон тізімін жариялады". Аппараттың бір адамға келтірген зиян мөлшерін көрсеткен ‘SAR’ күші негізге алынды.

РИА Новости: Ресей Аудиторлар сотының төрағасы Алексей Кудрин 2018 жылы орыс табысы нақты өсу процесінің 0,4 пайыздан аспағанын білдірді. 2018 жылы қазан айында ресми болжам 3,4 пайыз болатын.



Ұқсас жаңалықтар