Шетел баспасөзіне апталық шолу

Шетел баспасөзінде шыққан Түркия жөніндегі жаңалықтар

Шетел баспасөзіне апталық шолу

Ресейдің даусы радиосы: Президент Режеп Тайып Ердоған Идлиб жөнінде Ресеймен келісілген келісімнің нәтижесінде үлкен бір көш толқынының алды алынғанын айтты.

Австрия,  «Die Presse» газеті: Президент Режеп Тайып Ердоғанның Германия сапарынан кейін неміс технология алпауыты Siemens Түркияға жаңа инвестициялар салады.  Компания медициналық жиһаз өндіруді Түркияда жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

АҚШ, Associated Press (AP) ақпарат агенттігі: Сирияның солтүстігіндегі стратегиялық маңызы зор Манбидж қаласы маңында бір ай ішінде түрік және Америка Құрама Штаттары жасақтарының бірлескен барлау жұмыстары басталуы мүмкін.

Италия, ANSAmed ақпарат желісі: Президент Режеп Тайып Ердоған Сирия тақырыбында Түркия,  Ресей, Франция және Германия лидерлері арасында қазан айының екінші жартысында Стамбулда бір саммит өткізілетінін хабарлады.

Ұлыбритания, Reuters ақпарат агенттігі: Экономикада қабылданған шаралар арқылы түрік экономикасындағы өсім жалғасуда.  Қыркүйек айындағы экспорт көрсеткіштері едеуір қуантарлық деңгейге жетті.

Ресей, Риа Новости ақпарат агенттігі: Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның қорғаныс саласын да қосқанда барлық салада Ресеймен қатынастарын нығайту ниетінде екенін және осы қатынастарға зиян келтіруді мақсат еткен барлық арандатушылықтарды жеңетіндерін айтты.

Франция, AFP агенттігі: Еуропаның ең үлкен мешіті Германияның Кельн қаласында ашылды. Беташарға президент Ердоған қатысты.  Мешіттің құрылысын Дін істері Түрік Ислам одағы қаржыландырды.

Германия, Deutsche Welle (DW): 24 маусым күнгі сайлаудан кейін президенттік басқару жүйесіне өткен Түркияда жаңа жүйенің жаңа мәжілісі қызметін бастады.

Қытай, China Radio International (CRI): Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Сыртқы байланыстар комиссиясы төрағасы Волкан Бозкыр Камбоджаның Анкарада өкілетті елшілік ашу шешімін қабылдағанын және осыған байланысты жоспарын бастағанын білдірді.

Иран, «Parstoday» радио және интернет парақшасы: Түркия мен Иран егіншілік ынтымақтастығын нығайтады.  Екі ел әсіресе жылыжай және шафран өндірісі тақырыбында бірлескен жобалар жетілдіреді.

Ұлыбритания,  Еш Шарк Әл Авсат Халықаралық араб газеті: Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик Таяу Шығыста ДАИШ террорлық ұйымы қай мақсаттарға ие болса Еуропадағы радикал оңшылдардың да сол мақсаттарда екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар