Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінде Түркия жөніндегі жаңалықтар

Әлем баспасөзіне шолу

АҚШ-тағы «Turkish American» интернет порталы: Президент Режеп Тайып Ердоған алдымыздағы күндері Евфрат қалқаны операциясымен алғашқы қадамы басылған оңтүстік шекараны терроризмнен тазалау операциясының Афринде жалғасатынын айтты.

Германиядағы DW порталы: Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарының бөлшектеуші террор ұйымы PYD/YPG-ге берілген қолдауының алаңдататынын айтты.

Ресейдегі Спутник порталы: Түркия Америка Құрама Штаттарының бөлшектеуші террор ұйымын армияға айналдыру істерін айыптап,  өзіне бағытталатын кезкелген бір қауіпті жоюға табанды екенін атап көрсетті.

Қырым ақпарат агенттігі: Африканың ең ірі текстил базасы Түрік-Алжир серіктестігінде ашылды.

АҚШ-тағы CNN халықаралық хабар каналы: Түркияда жұмыссыздық көрсеткіші 2017 жылдың қазан айында алдынғы жылдың сол айымен салыстырғанда, 1,5 ұпай азайып,  10,3 пайыз болды.

Германиядағы DPA агенттігі: Түркия Қаратеңіз бен Мәрмәр теңізін бір-бірімен байланыстыратын жаңа канал құрылысын биыл бастайды.

Ирандағы İSNA ақпарат агенттігі: Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Исмаил Каһраман Ислам Ынтымақтастық ұйымы парламенттік 13-ші конференциясына қатысу мақсатымен Иранға аттанып кетті.

Ресейдің даусы радиосы: Премьер-министр Бинали Йылдырым Ирак премьер-министрі Хайдан әл-Абадимен телефонда сөйлесіп,  Иракпен екі жақты қатынастар және өңірлік тақырыптарды талқылады.

АҚШ-тағы «Turkish American» интернет порталы: Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының тарапын анықтауы керек,  одақтастары ма әлде террор ұйымы ма? Біздің ұстанымымыз да осыған орай өзгеше болады.

Германиядағы DPA агенттігі: Штаб-пәтер басқармасы төрағасы, армия генералы Хулуси Акар НАТО-ның терроризммен күресте террористік ұйымдар арасында жікшілдік жасамауы керектігін айтты.

Франция AFP агенттігі: Президент Режеп Тайып Ердоған 5 ақпанда Папа Францисктің шақыруымен Ватиканға барады.

АҚШ AP агенттігі: Президент Ердоған НАТО-ны одақтасы Америка Құрама Штаттарының Сирияда 30 мың адамдық шекара күші қалыптастыру жоспарына қарсы шығуға шақырды.

Reuters агенттігі: Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде терроризм ұяшығына айналған Афринге жүргізілетін операцияларды сириялық оппозициялармен бірге жүзеге асыратындарын білдірді.

АҚШ-тағы «Turkish American» интернет порталы: Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «/PKK террорлық ұйымының басшылығында Сирияның солтүстігінде құрылуы жоспарланған «Шекара қауіпсіздік күші» құрылымында Түрік-Америка қатынастары үлкен зиян көреді» деді.

Ресейдегі TASS агентігі: Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияның солтүстігіндегі операцияның кеңейтілуі мүмкін екенін айтты.

Германиядағы DPA агенттігі: Түркия мен Германия арасындағы ақылдасулар қайтадан басталды.

Reuters агенттігі: Түркия Сириядан бағытталған кезкелген қауіпке сол сәтте жауап беретінін хабарлады.

АҚШ-тағы «Turkish American» интернет порталы:  вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ Министрлер кабинеті жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде «Түркия сабырының соңына келді.  Басылатын қадамдарды Түркия басуға табанды» деді.

Әзірбайжандағы Тренд агенттігі: Түркия мен Иран Орталық банктерінен сауда қадамы.

Ресейдегі Спутник агенттігі: Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Америка Құрама Штаттарының Сирияда шекара армиясы құрылмайтыны жөніндегі мәлімдемелерінің Афринге бағытталған операцияның кешіктірілуін қамдамайтынын білдірді.

Ирандағы İRNA ақпарат агенттігі: Премьер-министр Бинали Йылдырым Сирияның солтүстігінде және оңтүстік шекараларында бір террор жасағының құрылуына ешқашан рұқсат етпейтіндерін білдірді.

Ресейдегі Риа Новости агенттігі: Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анкараның түрік армиясының Африндегі операциясы тақырыбында Мәскеумен байланыста екенін айтты.

Қырғызстандағы Қабар агенттігі: Түркия Бішкекте Қырғызстан-Түркия Достық ауруханасын салды.  Қырғызстан Денсаулықты сақтау министрі Талантбек Батыралиев аурухананың Қырғызстан мен Орталық Азия Халықтарының заманауи шарттарда емделуіне мүмкіндік беретінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар