Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жөніндегі хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

Ресейдің Спутник парақшасы «Түркия Иранда тұрақтылықтың сақталуына көңіл бөледі» деген тақырып қолданған.  Түркия Иранда тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуына көңіл бөлетінін мәлімдеді.  Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Иранда 28 желтоқсан күні басталған наразылық акцияларының тарағаны және шыққан оқиғаларда қаза тапқан адамдар болғаны,  айырықша мемлекеттік ғимараттарға зиян келтірілгені жөніндегі хабарлардың алаңдататыны атап көрсетілді.  Хабарламаға қарағанда,  Түркия бауырлас және дос ел Иранның қоғамдық тәртіп және тұрақтылығының сақталуына мән береді. Хабарламада сондай-ақ президент Хасан Руханидің сөзіне де орын берілді.

Пәкістанның Jang газеті түрік Сыртқы істер министрі Чавушоғлуның сөздеріне орын берген.  Газеттің хабарына қарағанда Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу көптеген Еуропа елінің Түркияның Еуропа Одағына мүшелігін қолдайтынын білдірді.  Неміс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында министр «Анкара үкіметі Түркияның Еуроодаққа мүше болу тақырыбында табанды. Егер Еуроодақ Түркияны одаққа қабылдамауға шешім берсе,  бұл олардың мәселесі. Түркия мүшелікті қолдайды. Германия, Австрия және Дания секілді мүшелігімізге қарсы шығатын өте аз ел бар» деді.

Қырымның QHA ақпарат агенттігі түрік туризміне орын берген.  Түркия Қонақүйлері федерациясы төрағасы Осман Айык 2018 жылы 2014 жылғы көрсеткіштерге жетуді көздейтіндерін білдірді.  Агенттіктің хабарына қарағанда,  Айык «Түркияның туризм саласындағы ең тамаша жылы – 2014. Яғни шамамен 40 миллион шамасында шетелдік турист және 35 миллиард долларлық туризм табысы.  Бұлар сектордағы ең жоғары көрсеткіштер. Осыдан  бұрынғы 2-3 жылда осындай көрсеткіш көре алмадық. 2018 жылы біздің мақсатымыз осы көрсеткіштерге жету болмақ» деді.

АҚШ-тың халықаралық CNN ақпарат арнасы түрік футболшының табысына орын берген. Арна «Дженк Тосун  трансфері үшін Джэк Бауерге толық өкілеттілік» деген тақырып қолданған.

Ұлыбритания Премьер лигасында Мэнчестер Юнайтедтен 2-0 есебімен жеңілген Эвертонда көңілдер құлазыған кезде, командаға гол салатын футболшы керектігіне назар аударылды. Баршаның есіне бірден Түркияның Бешикташ командасының ойыншысы Дженк Тосун келді. Баспасөз брифингінде команданың жаттықтырушысына Дженк Тосун жөнінде сұрақ сұралды. Жаттықтырушы «Қолымыздан келгенді істедік. 24 сағаттың ішінде анықталады» деп жауап берді. LiverpoolEcho газеті болса қызық бір хабар жариялады.  Атақты «24 сағат» теле сериалының кейіпкері Джэк Бауерді меңгезен газет Дженк Тосун трансфері үшін Бауерге міндеттеме беру керектігін жазды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар