Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жөніндегі хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

Рейтерс ақпарат агенттігі Ердоғанның «Жоғары пайызбен инфляция төмендемейді» деген сөздерін тақырып қылып жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған пайызы жоғары елдерде инфляцияның төмендеуінің мүмкін еместігін айтты.  Анкарада сөйлеген сөзінде «Мен пайыздың жоғары болуына қарсы екенімді қайталаймын» деген Ердоған «Себебі пайызы жоғары елдерде инфляция төмендеуі мүмкін емес. Мұны есте сақтаңыздар» деді.

Ресейдің Спутник агенттігі ТР Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу жеке меншік бір теле арнада бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы PYD/YPG-нің бақылауындағы Афринге Түркияның операция жүргізу мүмкіндігіне тоқталды. Чавушоғлу аймақтан Түркияға қарсы қауіп төніп, шабуылдар болып жатқанын,  жоспар жасалғаннан кейін кенеттен операция бастау мүмкін екенін атап көрсетті.

Ирандағы ақпарат парақшасы «Ердоған мен Руханидің кездесулерінің артуын жақсыға жорып отырмыз» деген тақырып қолданған. Иран Сыртқы істер министрлігінің Азия және Тынық мұхит аймағына жауапты министр орынбасары Ибрахим Рахимпур Иран президенті Хасан Рухани мен президент Режеп Тайып Ердоған кездесулерінің санының артқанын айтып,  мұны жақсылыққа жорып отырғандарын білдірді. Руханидің Стамбулдағы саммитке қатысуы жөнінде баспасөз өкілдеріне мәлімет берген Рахимпур: «Ердоған – Ислам Ынтымақтастық Ұйымының төрағасы.  Осы ұйымның кезектен тыс жиналысын ұйымдастыруы табиғи нәрсе» деді.

Франциядағы «Euronews» халықаралық ақпарат арнасы «Стамбулдық такси жүргізушілерінен Израиль мен АҚШ тауарларына байкот» деген хабар жариялаған.  Америка Құрама Штаттарының Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде жариялауынан кейін Түркия көлемінде ұйымдастырылған наразылық акцияларына Стамбулдағы такси жүргізушілері де қосылды.  Стамбул көшелерінде конвой қалыптастырып,  наразылықтарын білдірген такси жүргізушілері шешімнің заңсыз екенін және мұсылман әлемінің ешқашан АҚШ-тың осы шешімін танымайтынын білдірді. Түркия және Палестина байрақтарымен шыққан такси жүргізушілері АҚШ-тың Стамбулдағы бас консулдығы алдына жиналып,  шақыру тастады. Біріккен такси жүргізушілері қоғамының төрағасы Хүсейін Думан: «Біз такси жүргізушілері ретінде Америка және Израиль тауарларын қолданбауға шешім қабылдадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар