Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жөніндегі хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

Америка Құрама Штаттарындағы Түрік-Америка веб парақшасы президент Ердоғанның сөздерін тақырып ретінде қолданған.  Президент Режеп Тайып Ердоған жұма күні Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамппен телефонда сөйлескеннен кейін осы аптада тағы сөйлесуі мүмкін екенін айтты.  Президент Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі жиналысында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы PYD/YPG-ге қарумен көмектесіп,  қате істегендерін қабылдаған Трамппен тағы бір рет сөйлесетінін айтты.

Ирандағы IRNA ақпарат агенттігі Түркия Ұлттық Қорғаныс министрінің сөздеріне орын берген. ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли Анкара билігінің Сирия жерінде 12 бақылау пункты қалыптастыруды мақсат еткенін айтты.  Министр Ұлыбританияда баспасөз қызметкерлеріне берген мәліметте «Қазірге  дейін Сирия жерінде Идлибте тек үш бақылау пункты құрылды.  Астана келіссөзінде келісілген келісімге қарағанда осындай пункттердің саны 12 болады» деді.

Ресейдегі Спутник агенттігі OECD болжамына орын берген.  Экономикалық Ынтымақтастық және даму ұйымы OECD Түркия үшін өсім болжамын 3,4 пайыздан 6,1 пайызға көтерді.  2018 жыл үшін болса 3,5 пайыздан 4,9 пайызға шығарды.  Ұйым Жаһандық Экономикалық көрініс есебін жариялады.  Осыған орай аталмыш ұйым 2019 жыл үшін Түркияның өсім болжамын 4,7 пайыз деп белгіледі.

АҚШ-тағы CNN халықаралық ақпарат арнасы «Аутизмге шалдыққан түрік қызының Будапешттегі керемет концерті» деген тақырыппен хабар жариялаған.  Венгрияның бас қаласы Будапештте 19 жасар түрік қызы Берил Зорлу пианино концертін өткізді.  «Музыка және кедергісіз сапарым» деп аталатын концертінде әлемге танымал сазгерлердің туындыларын орындаған аутизмге шалдыққан түрік қызы түрік әуендерін де ұсынды.  Көрермендердің ықыласына бөленген Зорлуға концертінде Измир Аутизм оркестрі мен хоры серік болды.



Ұқсас жаңалықтар