Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жөнінде хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

Әзірбайжанның ақпарат агенттігі APA президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда,  президент Режеп Тайып Ердоған Әділет және даму партиясының Түркия мәжілісіндегі жиналысында сөйлеген сөзінде «Америка Құрама Штаттарының аймағымызда жүргізген саясаты қате екенін айтып келдік» деді. Ердоған АҚШ-тың дертінің басқа екенін айтып, былай деді: «Террорлық ұйым ДАИШ-ты тазалаймын дейді, бірақ қару тиелген көліктер әлі күнге Сирияға кіріп жатыр.  Бұл неге жалғасуда? Сіз қай елді қаруландырып отырсыздар? Біз не, қалай екенін білеміз, осыған орай қажетті қадамдарды басамыз. Осы сценарийлер алдында Түркияның бос отыруын ешкім кітпесін.  Сирияда Асад жүйесі әлі кетпей түр.  Онда неге осыншама қан төгілді? Яғни мәселе террормен күрес,  демократия келтіру немесе жазықсыздардың құқықтарын қорғау емес екен. Біз көршілеріміздің осындай істерге душар болуына қарап қалмаймыз»

Ирандағы IRIB интернет парақшасы «Иран, Ресей және Түркия артта қалған террористтердің тазалануы жөнінде келісті» деп жазған.

Ресей Штаб-пәтер басшысы Валерий Герасимов, Мұхаммед Бакыри және Хулуси Акар Сочиде бас қосты.  Тараптар жиналыста Сириядағы оқиғалар, артта қалған террорлық топтардың жойылуы,  айырықша қақтығыс азайтылған аймақтарда координация деңгейін арттыру және Сирияда дағдарыстың саяси шешімі жөнінде сөйлесті. Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында Сирияның Идлиб аймағындағы қақтығыс азайтылған аймақта координация деңгейінің арттырылуы және террор ұйымдары ДАИШ пен Әл Нусрадан қалған террористтердің тазалануы тақырыбында келісімге келінгені айтылды.

АҚШ-тағы Түрік-Америка интернет парақшасы «Түрік Әуе жолдары жүк тасымалында алда» деген тақырып қолданған.  Түрік Әуе жолдары бас директоры Билал Екши түрік авиакомпаниясының жүк тасымалында рекорд жасағанын айтты.  Әлеуметтік желі арқылы хабарлама жариялаған Екши «Біз әлемнің жүгін тасып отырмыз» деп тасымалданған жүкте Біріккен Араб Әмірліктерінде екінші орынға шыққандарын, Шығанақ елдерінде болса үшінші орында екендерін білдірді.

Ресейдегі Спутник интернет парақшасы «Түркияға тұңғыш Эмми сыйлығы» деген хабар жариялаған. Алпыстан астам елде жарияланатын «Қара Севда» атты теле сериал бір жаңалыққа қолтаңба басты. Осы теле сериал әлем теледидар секторының ең беделді организацияларының бірі Халықаралық Эмми сыйлығында «Теленовелла» категориясында «Үздік өнім» сыйлығына лайықты деп табылды.  Басты ролдерде Бурак Өзчивит,  Неслихан Атагүл және Каан Урганджыоғлу ойнайтын теле сериал Америка Құрама Штаттарын тысындағы елдерде жарияланатын теле сериалдарға берілген Эмми сыйлығын алған тұңғыш түрік сериалы ретінде Түркия теледидар тарихына енді.



Ұқсас жаңалықтар