Әлем баспасөзіне шолу

Шетелдік баспасөз Түркия жөнінде маңызды хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

Қырым ақпарат агенттігі QHA ТР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына орын берген.

Хабарға қарағанда, Месхет түріктерінің атамекендерінен жер аударылуына 73 жыл толуына орай Түркия Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында 1944 жылдың 14 қараша күні 100 мыңға жуық месхет түркінің атамекендері Грузияның Месхетия аймағынан жер аудыралғандары еске салынды.

Хабарламада жер аудару кезіндегі ауыр жағдай,  аштық және аурудан көптеген азаматтың қаза тапқаны, көбінің де сүргін жерлерінде қиындық шеккені атап көрсетілді.

Сонымен бірге «Осы трагедиялық оқиғаның 73 жылдығында қайғымен еске алып, сүргін барысында қаза тапқан бауырларымызға Алладан рақым тілейміз. Тоғыз елде сандары жарты миллионға жеткен месхет түріктерінің жағдайын жақыннан бақылап,  қажетті қолдауды беріп отырмыз. Месхет түріктерінің атамекендеріне кері оралу үдерісінің табыспен аяқталуы, өздері тұратын басқа елдерде де тыныштық ішінде өмір сүрулерін тілейміз. Түркия қайда болса да месхет түріктерінің жанында болады» деп айтылды.

Ресейдегі Риа Новости ақпарат агенттігі «Егіншілік және ауыл шаруашылығы министрлігі жылдың аяғына дейін экспорт етілетін түрік қызанақ мөлшерін анықтады» деген хабар жариялаған. Ресей Егіншілік және ауыл шаруашылығы министрлігі жылдың аяғына дейін Түркиядан сатып алынатын қызанақ мөлшерін 50 мың тонна деп анықтады. Осыған байланысты нұсқау ресми интернет сайтында жарияланды. Ресей түрік қызанағын сатып алуға байланысты тыйымды 1 қараша күні алып тастаған болатын.  Қыркүйек айында Ресей Өсімдік және карантина бақылау агенттігі кейбір фирмалардың орамжапырақ, бұрыш, қазан айының аяғында болса баклажан мен анар сатып алуына рұқсат берген болатын.

Грекиядағы «Зугла» ақпарат агенттігі Түрік Әуе жолдарының табысына тоқталған. Хабарға қарағанда,  Түрік Әуе жолдары жылдың үшінші ширегінде  таза табыстың 939 миллион доллар екенін,  аталмыш көрсеткіштің үшінші ширек табыстары арасындаңы ең ірісі екенін жариялады. 2017 жылдың үшінші ширегінің экономикалық деректеріне қарағанда, Түрік Әуе жолдарының қыркүйек айында толу көрсеткіші 81,4 пайыз болды. Самара және Пукет секілді жаңа маршруттармен бірге маршрут саны 120 елде 300-ге жетті. Turkish Cargo болса 2017 жылдың үшінші ширегінде маршрут санын 55-тен 72-ге жеткізді. Бұл компания соңғы рет Азияда «Жылдық үздік әуеден жүк тасымалдаушысы» болып сайланды.

Ұлыбританиядағы BBC түрікше интернет парақшасы: «Ассириялық саудагерлердің тактайшалары арқылы Анадолыда жаңа ежелгі қалалар табылды» деген тақырып қолданған. Кайсери қаласы маңында жүргізілген қазба жұмыстарында қола дәуірінен қалған 12 мың тақтайша тапқан археологтар мен экономисттер мыңдаған жыл бұрын Анадолыда құрылған ежелгі қалалардың ізін байқады.  Зерттеушілер 4 мың жыл бұрын бүгінгі Ирак жерінен шыққан ассириялық саудагерлердің орталық Анадолыға қоныстана бастағанын және аймақта саудаға бастағандарын айтты. Орталығы Америка Құрама Штаттарында орналасқан Ұлттық Экономикалық зерттеулер кеңсесі жариялаған еңбекте саудагерлердің тауар жолдау,  қарыздар және жаңа сауда келісімдері жөнінде жазған тақтайшаларының бұдан бұрын белгісіз болып келген көптеген ежелгі қаланың қайта екеніне жол көрсететіні атап көрсетілген.



Ұқсас жаңалықтар