Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жайлы хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

АҚШ-тағы Түрік-Америка веб парақшасы АҚШ-қа барған премьер-министр Йылдырымның сөздерін тақырып қылған. Премьер-министр Бинали Йылдырым Америка Құрама Штаттарының бас қаласы Вашингтонға аттанбастан бұрын Анкарада әуежайында АҚШ-пен виза қызметінің ішінара беріле бастағанына орай «АҚШ-қа кепілдеме беру немесе олардан бізге кепілдеме беруін сұрау секілді келіссөз құқық мемлекеті принцибіне жатпайды» деді.

Орталығы Францияда орналасқан Халықаралық ақпарат арнасы Euronews «Атак, Анка және Хүркуш Тайландта таныстырылды» деген хабарға орын берген. Түрік Авиация және ғарыш өнеркәсібі TAİ әуе платформаларымен оңтүстік шығыс Азия одағының қамтушылары арасына енуге тырысуда. TAİ Тайланд Қорғаныс және қауіпсіздік көрмесінде қатысушы ел өкілдері және қамтушы органдармен кездесулер жүргізуде.  Тайландқа бағытталған Атак тікұшақтарына ұсыныс берілді. Компания делегациясы алдағы күндері Тайландқа барып,  жұмыстарын жалғастырады. Малайзия болса Анка тікұшағына қызықты. Компания осы тақырыптағы ұсынысын Малайзия өкілдеріне жеткізді. ASEAN елдері тұрғысында Оңтүстік Азия елі Бангладеш болса Анка, қарулы және қарусыз Хүркуш, Атак тікұшақтарына ықылас білдірді.  Түрік авиация компаниясы шығанақ елдеріне бағыттап бір бастама бастап, 12-16 қараша күндерінде де Дубайдағы көрмеге қатысады.

АҚШ-тағы CNN халықаралық жаңалықтар арнасы «Даун синдромымен туған Мұхаммед Еуропада шыңда» деген хабар жариялаған.  Түркияның доан синдромды спортшысы Мұхаммед Тугрул Шахин Францияның бас қаласы Парижде өткен Еуропа ашық жүзу чемпионатында 200 метрде 4 минут 41 секунд 11 дәрежесімен Еуропа рекордын жаңартты.  Ол бірінші орын алды.  Бұдан бұрын да жүзуде халықаралық табыстарға жеткен Мұхаммед медальдеріне енді Еуропа рекордын қосты.

Осы арна «Түркия шахматтан екі турнир өткізеді» деген хабарға орын берген. Түркия шахматта мықты қадамдармен жылжуда, осылайша таңдалған елге айналды.  Әлем шахматына бағыт берген мамандардың сенімін алған Түркия енді шахматта организациялар ұйымдастыра бастады. Қазан айында Анталияда өткен Еуропа клубтар арасы кубогын ұйымдастырған түріктер мақтау алды. 2019 жылы Еуропа әйелдер арасындағы шахмат чемпионаты мен 2020 жылы Еуропа шахмат чемпионаты Түркияда өтетін болады.



Ұқсас жаңалықтар