Әлем баспасөзіне шолу

Шетел баспасөзі Түркия хабарларына орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

«Ресейдің даусы» радиосы ТР Сыртқы істер министрі Чавушоғлуның Ресей Сыртқы істер министрі Лавровпен телефонда сөйлескенін хабарлаған.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефонда сөйлесті. Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарламасына қарағанда,  Лавров пен Чавушоғлу Қазақстанның бас қаласы Астанада кеше аяқталған келіссөз шеңберіндегі Сириядағы жағдай жөнінде ақылдасты.  Лавров пен Чавушоғлу сириялық тараптар арасындағы келіссөз үрдісін одан әрі ынталандыруды жалғастыруға дайын екендерін атап көрсетті.

АҚШ-тағы «VOİCE OF AMERİCA» «Түрік диаспорасы шетелде ықпалды болады» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Адам құқықтары комиссиясы төрағасы Мұстафа Йенероғлу үкімет ретінде шетелдерде өмір сүретін 6 миллион түрік диаспорасының нығаю үшін ауқымды жұмыс бастағандарын білдірді. Йенероғлу осы аяда шетелдердегі түріктердің проблемаларын шешу үшін мәжілісте бір комиссия құратындарын білдірді. Шетелдердегі түрік қоғамының 6 миллионнан асқанын,  мұның 5 миллионының батыс Еуропада, 650 мыңының Францияда тұратынын айтқан Мұстафа Йенероғлу шетелдегі түріктер құрған баспасөз ұйымдарына көмек берілгенін,  Түрік үйлерінің ашылатынын білдірді.

Қырым Автономдық Республикасындағы Қырым Хабар агенттігі QHA «Түрік ағыны желісі 2019 жылы қызметке беріледі» деген хабар жариялаған.  Ресейден Түркияға жылына 15,75 миллиард текше метр табиғи газ тасымалдайтын Түрік ағыны желісінен алғашқы газ 2019 жылы айдалады. Түрік ағыны баспасөз мәлімдемешісі Сандер ван Руутселар баспасөз брифингінде жобаның Түркиядан Еуропаға өтетін бағытының Botaş  пен Газпром арасында құрылатын бір компания тарапынан салынатынын білдірді.  Брифингте Түрік ағыны жобасының Еуропаға газ айдайтын екінші желінің маршруты тақырыбында келіссөздің жалғасып жатқаны айтылды.

Қытайдағы Халықаралық CRI радиосы Түркияның туризм табысы жөнінде хабар жариялаған.  Түркияның туризм табысы биылғы жылдың үшінші ширегінде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,6 пайыз артып, 11 миллиард 391 миллион 668 мың долларға жетті. Түркия Статистика мекемесі шілде-қыркүйек кезеңіне байланысты туризм статистикаларын жариялады. Осыған қарағанда,  туризм табыстарының 77 пайызы шетелдік қонақтардан, 23 пайызы шетелде тұратын қандастардан келді.



Ұқсас жаңалықтар