Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жөнінде хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

АҚШ-тағы AP агенттігі: «Түркия Идлиб операциясының аяқталып қалғанын мәлімдеді» деген тақырып қолданған.

Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Идлиб уәлаятында қақтығысты азайту операциясының аяқталып қалғанын айтты. Мәжілістегі билік партиясының депутаттарына үн қатқан Ердоған келесі қадамның бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы PYD/YPG-нің бақылауындағы Африн аймағы болатынын айтты. «Алдымызда Африн мәселесі бар.  Біз еш кері шегінбейміз» деді ол.

Грекиядағы «Eleftheros Tipos» газеті «Кодзиастың Түркия сапары» деген хабарға орын берген.  Грекия Сыртқы істер министрі Никос Кодзиас дүйсенбі күні Түркияға келді.  Түрік Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның шақыруымен өткен сапарда Кодзиас президент Ердоғанмен де кездесті.  Соңғы рет Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым маусым айында Грекияға барған болатын.

Ирандағы «Parstoday» атты интернет  парақшасы президент Ердоғанның Катар Сыртқы істер министрін қабылдағанын хабар қылып жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Катар Сыртқы істер министрі Шайх Мұхаммед бин Абдурахман әл Саниді Президенттік сарайда қабылдады. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да болған кездесуде екі ел қатынастарын дамыту мәселесі қолға алынды. Осы арада Түркия мен Катар министрлер деңгейіндегі стратегиялық жоғары комитетінің отырысы да өткізілді.  Катар делегациясына Катар Сыртқы істер министрі, Түркия делегациясына Чавушоғлу басшылық жасады.

Ресейдегі «Независимая газета» «Новак Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісінің болашағы туралы айтты» деген хабарға орын берген.  Ресей Энергия министрі Александр Новак Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісі жобасының екі желісінде 370 километрден көп құбыр салынғанын айтты.  «Жақында құрлықтан өтетін транзит желі тақырыбында келісіп,  хаттамаға қол қойылуы жоспарланып отыр.  Үкіметтер арасы кездесудің үрдісіне сәйкесу үшін маршрут анықталды.  2019 жылдың желтоқсан айында жұмыс аяқталуы керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар