Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жөніндегі хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

Ресейдегі Спутник агенттігі президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда,  ресми байланыстармен кеше Польшаға кеткен президент Режеп Тайып Ердоған әріптесі Анджей Дудамен бас қосты.  Екі басшы оңаша кездесісіп, артынан делегациялық кездесуге басшылық жасады.  Артынан ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.  Түркия мен Еуропа Одағы байланыстарына тоқталған Ердоған Түркияның 63 жылдан бері Еуропа Одағына қабылданбағанын еске салып: «Біздің өтінішіміз берілгеннен бері қабылданған елдердің бізбен салыстырылатын жері жоқ. Еуропа Одағына Түркия қосыла алмасын деп келіссөз тақырыптарын арттырып отыр.  Алмайтын болсаңдар, ашып айтыңдар.  Бізді алдамаңдар,  біз де сізді кешіктірмейік. Қашып кетті дегізбейін деп күтіп отырмыз.  Шешімді олардан күтеміз» деді.

Ирандағы IRIB органы ТР премьер-министрінің сөздеріне орын берген.  Орган «Йылдырым: Ирак күрд автономиясына жаңа санкциялар келеді» деген тақырып қолданған. Әділет және даму партиясының Түркия мәжілісіндегі жиналысында сөз сөйлеген премьер-министр Бинали Йылдырым Ирак күрд автономиялық әкімшілігінің 25 қыркүйек күнгі заңсыз референдумынан кейінгі оқиғаларға тоқталып, «Ирак күрд автономиясына бағытталған жаңа санкциялар тақырыбында Иран және Ирак орталық үкіметін бірге қозғалып отырмыз. Бұдан бұрын Эрбиль және Сүлейманиеге барлық рейстерді тоқтаттық және Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінде түрік әуе кеңістігін Солтүстік Ирак рейстеріне жапқанымызды білдірдік.  Айырықша Халил Ибрахим шекара қақпасының орталық үкіметке берілуіне байланысты үдерісті бастадық» деді.

Германиядағы Die Welt «Шродер Ресей және Түркиямен жақсы қатынастарды қалайды» деген тақырып қолданған.  Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шродер Еуропа Одағының Ресей және Түркиямен қарым-қатынастарының жақсы болуы керектігін қолдайды.  Осы екі елмен ынтымақтастық жасалмай,  Шығыс Еуропада тұрақтылықтың қамдалмайтынын айтқан Шродер «Ресей мен Түркияның Еуропаның қарсы алдында баламалары бар екенін ұмытпауымыз керек. Бұл елдер Азияға бағыт алуы мүмкін» деді. Еуропа Одағының Ресей мен Түркияның Қытай бағытына «ауыуына» кедергі болуы керектігін білдірген Шродер «Ресей және Түркиямен мықты қатынастарға мұқтаж болуымыздың бір себебі осы.  Бұл үшін де қайтадан сенім қалыптастыру керек» деді.

Франциядан AFP ақпарат агенттігі «Могадишо шабуылында жарақат алғандар Түркияда емделуде» деген тақырыппен хабар жариялаған.  Сомалидің бас қаласы Могадишода сенбі күні болған лаңкестікте жарақат алғандар Түркияға жеткізілді.  35 жаралыны тасыған түрік әскери ұшағы Анкарадағы әуежайға келіп қонды.  Түркия 300-ден астам адам қаза тапқан лаңкестікті айыптады.



Ұқсас жаңалықтар