Әлем  баспасөзіне шолу

Агенттіктер Түркия жайлы хабарларға орын берген.

Әлем  баспасөзіне шолу

Германияның ақпарат агенттігі DPA президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Хабарға қарағанда,  президент Режеп Тайып Ердоған Ирак күрд автономиясына 25 қыркүйекте өткізілген заңсыз референдум себебімен ескерту жасады. Ердоған «Егер естерін жимаса, басқа да қадам басудан тайынбаймыз. Ирак күрд автономиясы әкімшілігінің тез арада есін жиюын күтеміз» деді.

Ресейдегі Риа Новости агенттігі «Түркия Иранға қарсы санкцияларға қарсы шықты» деген тақырып қолданған.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анкара әкімшілігінің Иранға бағытталған санкция саясатына қарсы екенін білдірді.  Хабарға қарағанда,  Чавушоғлу «Иранды орынсыз болған кезінде сынаймыз,  орынды болған кезде қолдау береміз.  Санкция саясаты қате.  Кейбір елдер ұнатпайтын,  жойғысы келетін Иранды шеттету, қинау – қате.  Иран бізге жау ма?» деді.

AP агентігі «Түркия Испанияның терроритория тұтастығына құрмет көрсетеді» деген хабар жариялаған. ТР Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Хүсейн Мүфтүоғлу Каталония автономды аймағында 1 қазан күні болған заңсыз референдумға байланысты Испанияның территория тұтастығына құрмет көрсететіндерін айтып,  екі жақтың да Испания заңдарына сай қозғалуы және қақтығыстың алдын алудың маңызды екенін білдірді.  Мүфтүоғлуның айтуынша «Түркия Испанияның осындай қиыншылықтарды шешетініне сенеді»

Өзбекстанның «Жахан» ақпараттық агенттігі Түркия-Өзбекстан Бизнес форумына орын берген.  Өзбекстан Мемлекеттік инвестициялар комитеті мен Стамбул Сауда палатасы бірігіп Ташкентте Өзбекстан-Түркия Бизнес форумын ұйымдастырды.  Форумның ашылу салтанатына Өзбекстан вице-премьері Жамшид Кучкаров қатысты.  Стамбул Сауда палатасы төрағасы Ибрахим Чағлар мен Ташкенттегі түрік өкілетті елші Ахмет Башар Шен баяндама оқыды. Тараптарлар Бизнес форумда ортақ жобалардың жүзеге асырылуы үшін барлық салада өзара мүддеге сай серіктестіктердің дамытылуы үшін басылатын қадамдарды қолға алды.



Ұқсас жаңалықтар