Әлем баспасөзіне шолу

Медиа органдары Түркия жайлы хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

 АҚШ-тағы «Voice of America» президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Медиа органы «Ирак күрд автономиясындағы заңсыз референдум жаңа қайғылардың хабаршысы» деген тақырып қолданған.

Хабарға қарағанда,  Түркияның 25 қыркүйек күні Ирактың солтүстігінде болған заңсыз референдумға наразылықтары жалғасуда.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Президенттік сарайда өткен бір жиындағы сөзінде осы референдумды сынады. Ирак күрд автономдық әкімшілігінің Түркияның ескертулеріне қарамастан Ирак атазаңына қайшы референдумды өткіземін деп көнбегенін атап көрсеткен президент: «Израильден басқа ешкім қолдау бермеді. Аймақтың наным және этникалық құрылымы тұрғысынан күрделі шағында бір топтың осындай бастамаға кірісуі жаңа қақтығыс пен қайғылардың хабаршысы» деді.

Германиядағы «Deutsche Welle (DW)» Германиядағы сайлау нәтижесін қолға алған. Германияда 24 қыркүйекте өткен жалпы халықтық сайлауда сайлаушылар Ангела Меркельге көш және босқын саясатында риза еместігін көрсетті. Бұл да Ердоған жиі айтқан Ислам мен көшке қарсы саясатымен танымал Германия үшін балама партиясының (AFD) пайдасына болды. AFD өзі қатысқан екінші сайлауда жүзге тарта депутатымен Федералдық мәжілісте үшінші партия болды. Мамандар неміс үкіметінің қоғамдағы қауіпсіздік, шекаралар және көш проблемаларындағы бақылау азаюы сынды сезімдерді жою үшін көш санын азайтуды қамтитын келісімдерді түбегейлі қылу үшін қолынан келгенді жасайтынын атап көрсетуде.  «Бұл да Германияны Түркиямен ынтымақтасуға итермелейді» деп отыр сарапшылар.

Ресейдің ақпарат агенттігі Спутник: «Стамбул ең танымал он қала арасында» деген хабарға орын берген.  Орталығы Америка Құрама Штаттарында орналасқан Халықаралық қаржы компаниясы Mastercard жариялаған 2017 Жаһандық нысана қалалар индексінде биыл әлемде ең көп қонақ тартуы күтілген алғашқы 30 қала анықталды.  Стамбул осы тізімде алғашқы ондықта орын алды. Осы тізімге қарағанда өткен жылы 9,6 миллион шетелдік турист тартқан Стамбул Еуропаның ең танымал қалалары арасында үшінші орында. 2017 жылы болса қалаға шамамен 9,24 миллион турист келеді деп болжалып отыр. 9 жылдан бері жарияланып келе жатқан осы тізім шетелдік турист саны, шекарадағы деректер, туристердің сол қалада жұмсаған ақшасы,  жолаушы санындағы өзгерістерге қарап дайындалады.

АҚШ-тағы CNN халықаралық медиа органы да туризм хабарына орын берген.  Хабарға қарағанда,  Түркияның Орду қаласының Айбасты Першембе жайлауы араб туристерінің таңдаулысы болды. Теңіз деңгейінен 1500 метр биіктіктегі жайлаудың әкімі Иззет Гүндоғар Шығанақ елдерінен биыл аймаққа көп турист келгенін айты. «Таныстыру жұмыстары енді жемісін бере бастады» деді ол. Өткен жылы осы жайлауға 500 мың отандық және шетелдік турист келді. Биыл осы санның 700 мыңға жетуі күтіліп отыр. Жайлауда туристерге арнап қонақүй, шатырлар дайындалған. Келушілер тарихи мекендер мен медреселерді де қызықтайды.



Ұқсас жаңалықтар