Әлем баспасөзіне шолу

Шетел баспасөзі Түркия жөніндегі хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

Америка Құрама Штаттарындағы Voice of America (VOA) «Ердоғанның сөмкесінде қай тақырыптар бар?» деген хабар жариялаған.  БҰҰ-ның 72-ші сессиясы үшін Нью-Йоркқа барған Ердоған ертең АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі. Кездесуде екі ел арасында дауға айналған тақырыптардың қолға алынуы күтілуде.  Екі ел келісе алмаған тақырыптардың басында АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымы PKKның Сириядағы жалғасы PYD/YPGге қару жолдауы келеді.  Түркияның уайымдарын БҰҰ Бас ассамблеясында да тілге тиек еткен Ердоған террор ұйымының негізгі мақсатының ДАИШ-пен күрес еместігін айтқан еді.  Кездесуде Ердоған Трампқа Аракан мұсылмандарына жасалған қырғын жөнінде де мәлімет береді.

AP ақпарат агенттігі «НАТО бас хатшысы Ердоғанды мақтады» деген хабарға орын берген. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг БҰҰ сессиясы барысында агенттікке берген сұхбатында Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоғанның НАТО-ға тек ауыз жүзінде емес,  іс жүзінде де адал екенін айтты.  «Түркия одақтың шығыстағы стратегиялық тұғыры себебімен қауіпсіздігіміз үшін маңызды ел.  Сонымен бірге террористтер толған Ирак пен Сирия шекарасында.  Түркия Ауғанстанның халықаралық террористтер үшін тағы бір рет ұяға айналмауы үшін алдыңғы саптағы елдердің бірі» деді ол.

Әл Жазира болса Қорғаныс министрінің сөздеріне орын берген. «Оңтүстік шекарамызда этникалық негізге сүйенетін саяси құрылымдарға рұқсат етпейміз» деген сөзді тақырып ретінде қолданған.  Түркия Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли елінің оңтүстік шекарасында «террористтік ұйымдардың» бақылауында этникалық негізге сүйенетін саяси құрылымдарға рұқсат берілмейтінін айтты.  Анкарада мәлімдеме жасаған Джаникли Ирактың территория тұтастығына енгізілетін бір өзгерістің Түркияның қауіпсіздігіне қатер төндіретін жаңа факторларды ортаға шығаратынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар