Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінде Түркия жайлы жарияланған жаңалықтарға орын береміз.

Әлем баспасөзіне шолу

Әзірбайжанның «Trend» басылымы «Ердоған: Сирияның солтүстігінде мемлекет құрдырмаймыз» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда бір террор мемлекеті құрылуына ешқашан рұқсат бермейтіндерін атап көрсетті. Ердоған президенттік сарайда 39-шы Ауыл басшылары жиналысында үн қатты. «Сирияда құрылуы жоспарланған террор мемлекетінің алдын алу үшін Евфрат қалқаны операциясы жасадық. Террор ұйымы PYD/YPG-ге мемлекет құрдырмаймыз. Кейбіреулер Күрд мемлекеті деп жатыр, мен мұны күрд бауырларыма қарсы құрметсіздік деп қабылдаймын. Сирияда тағы бір мемлекет құруға ешқашан рұқсат бермейміз. Бұл отанды (Түркияны) бөлшектегісі келгендерге барлық аймақты мазар қыламыз» деді.

АҚШ-тың ‘Turkish American Web хабар порталы «Премьер-министр Йылдырым сингапурлық инвесторлармен бас қосты» тақырыпты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда премьер-министр Бинали Йылдырым Сингапурда байлығы 550 миллиард долларға ұласқан фирмалардың өкілдерімен бас қосты. Жиналыста инвесторларға Түркиядағы инвестициялық мүмкіншіліктерді түсіндірді.

Ресейдің спутник хабар агенттігі «Германия Түркиядағы өзгерісті ескере алмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда вице-премьер Фикри Ышык Түркия ретінде Германиямен ынтымақтастыққа мән бергендерін атап, Берлиннің Түркиядағы өзгерісті ескере алмағанын атап көрсетті. Вице-премьер Ышык Биледжик қаласында жасаған мәлімдемеде «Құқығымыз бар тақырыптардың өзінде ‘Германиямен шатақ шықпасын абайлайық!’ сияқты бір түсініктің Түркияда әлі жалғасқанын ойлап жатыр» деді.

Иран Парсы хабер агенттігі «Түркия Бас Штаб Басқармасы төрағасы Иранға сапарлай барады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Иран Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал майор Мұхаммед Бакыри Түркия Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал лейтенант Хулуси Акардың жақын уақытта Тегеранға сапарлай келетінін жариялады. Бакыри Түркия сапарын және бұл елдің жоғары деңгейдегі саяси және әскери лауазымдыларымен кездесулердің табысты өткенін атап көрсетті Бакыри Түркия шекараларының әрі әскери күш әрі техникалық жабдықтау арқылы қорғау үшін кейбір жұмыстар бастағандарын, Иранда бұл жағдайдың қолдау тапқанын, террормен күрес тақырыбында болса террористтердің екі елдің шекараларын өтуі және қауіп төндіргендері тұрғысынан өте мықты келісімдер жасағандарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар