Әлем  баспасөзіне шолу

Басылымдар маңызды хабарларға орын берген.

Әлем  баспасөзіне шолу

Әзірбайжанның «Trend» басылымы ТР прембер-министрі Йылдырымның Қырғызстан премьер-министрі Жиенбековпен кездесуіне орын берген. Хабарға қарағанда, премьер-министр Бинали Йылдырым Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жиенбековпен Чанкая сарайында кездесті.  Кездесуде Қырғызстандағы Фетуллахшы террор ұйымы болмысының екі ел арасындағы достыққа көлеңке түсірмеу керектігі және бұл үшін қырғыз органдардың қажетті ынтымақтастықты көрсетуі жөніндегі үміт атап көрсетілді.  Кездесуде дос және бауырлас екі ел қарым-қатынасының түрлі преспективалары қолға алынды.

АҚШ-тағы «Turkish American» веб порталы «АҚШ-тан террор ұйымына әскери көмек жалғасуда» деген тақырып қолданған.

Америка Құрама Штаттары Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-ге ДАИШ-пен күрес сылтауымен әскери көмегін жалғастыруда, 112 фура Ракканың солтүстігіндегі террористтерге жолданды.  Конвойда АҚШ армиясы қолданған жоғары қабілетті сауытты көліктер,  жағармай танкерлері мен шағын көліктер назар аударды. Айырықша әскери жабдықтың әсіресе түнгі уақытта фуралардың үсті жабық күйінде жеткізілгені назар аударады.

Ресейдің Спутник агенттігі орыс туристердің Анталия туризміндегі орнына орай хабар жариялаған. Жерорта теңізі туристік қонақүйлер мен кәсіпорындар одағы төрағасы Еркан Ягжы қаңтар-шілде айлары арасында Анталияда 2016 жылмен салыстырғанда қалыптасқан шамамен екі миллион туристтің орыстар екенін айтты.  Анталияға шілде айында келген барлық турист саны 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 76 пайыз артты.  Турист саны 2015 жылы шілде айына қарағанда 8 пайыз, 2014 жылдың шілде айына қарағанда 9 пайыз аз. 2017 жылғы турист санының көптігі толығымен Ресей нарығынан туындады.

Осы агенттік Түрік Қарулы күштері мен Катардың ортақ жаттығуына да орын берген. Түрік Қарулы күштерінің Катар Қарулы күштерімен бірігіп ұйымдастырған ортақ әскери жаттығуы аяқталды. Түрік Қарулы күштері 5-7 тамыз күндері болған жаттығудың құрлық сатысының Катарда орналасқан Құрлық қолбасшылығының қатысуымен атқарылғанын білдірді.

АҚШ-тағы «Turkish American» веб порталы түрік желаяқтың 400 метр кедергімен жүгіруде ақтық сайысқа жеткенін білдірген. Жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатында түрік спортшы Ясмани Копелло Ескобар ерлер арасында 400 метр кедергімен жүгіруде ақтық сайысқа қалды. Лондонда өтіп жатқан чемпионаттың төртінші күнінде ерлер арасында 400 метр кедергімен жүгіру жарысының жартылай финалы болды. 2016 Рио олимпиадасында қола, Еуропа чемпионатында алтын медаль алған Куба текті түрік спортшы Копелло алтыншы кезекте аяқтап,  ақтық сайысқа жолдама алды.



Ұқсас жаңалықтар