Әлем баспасөзіне шолу

Шетел медиа органдары Түркия жөніндегі хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

АҚШ-тағы «Bloomberg» органы «Түркия орыс зымырандарына бағыт ала отырып Ердоған Германия мен НАТО-ға үн қатты» деген тақырып қолданған.

Хабарға қарағанда президентЕрдоған Түркияның Ресеймен жалғасып жатқан НАТО жүйелерімен сәйкеспейтін S-400 зымыран қорғаныс баттареяларын сатып алу келіссөзі тақырыбында АҚШ-тың уайымдарына қарсы шықты.  ердоған АҚШ-тың Сирияда террорлық топтармен бірлесіп қозғалуын айыптап,  келісімнің жалғастырылатынын айтты. Еуропа Одағына мүше елдердің өзіне сөз сөйлеу құқығын бермеуін де сынаған президент Режеп Тайып Ердоған «Түркия президенті мен министрлерінің еліңізде сөз сөйлеуіне кедергі боласыңдар, алайда сендердің тыңшыларың осында жүреді. Менің елімді бөлуге тырысады. Бұған жол берілмейді. Егемендік құқықтарымызға құрмет көрсетесіздер, әділ және тең шарттарда ортақ,  дос және одақтас боласыңдар немесе жағымсыз қимылдарыңыздың жауабын аласыңдар» деді.

АҚШ-тағы «Turkish American» веб порталы «Демократиялық оппозиция мен терроризмге қолдау беріп отырғандарды ажырата білуіміз керек» деген тақырып қолданған.

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Брюссельде өткен Түркия-Еуропа Одағы жиналысында «журналист болу әртүрлі қылмысты істеуді заңды қылып көрсетпейді.  Немесе басқа кәсіп те болуы мүмкін.  Опасыз төңкеріс әрекетіне араласқан, осы төңкеріс әрекетіне белсенді қолдау берген кім болса, журналист, әскер, полиция,  саясат қайраткері болсын барлығы бірдей.  Сондықтан шыныменен демкоратиялық оппозиция мен терроризмге қолдау бергендерді ажырату керек.  Осы тақырыпта біз деректерді Еуропа Одағына беруге, ақпарат бөлісуге дайынбыз» деді.

Әзірбайжаннан «Trend» газеті болса Ибрахим Калынға байланысты хабар жариялаған.  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын соңғы кездері Түркия мен Германия арасында болған проблемаларға байланысты «Түркияға келген немесе елімізде жұмыс істейтін Германия және басқа де ел азаматтарына ешбір қауіп төнбейді.  Бір неміс азаматының тұтқынға алынуы құқықтық мәселе, түбегейлі үкімді тек сот қана бере алады.  Айырықша неміс компанияларымен байланысты қара тізім жоқ» деді.

Ресейдің «Спутник» агенттігі Еуропа Одағына байланысты хабарға орын берген.  Хабарда жазылғанға қарағанда, Брюссельде өткен Еуропа Одағы Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаттары жоғары комиссары Федерика Могерини адам құқықтарын бұзушылық деген жалған сылтаулармен Түркияға қарсы қатал ұстаным көрсетуге қарсы шықты.  Могерини Түркияның мүшелік процесінің жалғастырылуын сұрады.



Ұқсас жаңалықтар