Әлем баспасөзіне шолу

Шетелдік баспасөзі Түркия хабарларын орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

Қытайдың Синьхуа агенттігі «Президент Ердоған Иракты бірлікті сақтап қалуға шақырды» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Ирактың бірлігінің сақталуы және Ирак Күрдістан автономды аймағы өткізетін тәуелсіздік референдумына кедергі болу керектігін айтты. «Тұрақсыздыққа себеп болудан басқа Иракта басылатын әрбір қадам жаңа мәселелерге жол ашуы мүмкін» деді ол.

Ресейдегі ақпарат агенттігі Спутник «Катарға көмек емес,  экспорт жасадық» деген хабар жариялаған.  ТР Экономика министрі Нихат Зейбекчи Түркияның Катарға көмек емес, 20 миллион доллорлық экспорт жасағанын айтты.  «Түркия көмек беріп отырған жоқ. Экспорт жасап отырмыз.  Қазір шамамен 200 жүк ұшағымен ірі сауда тасымалын жүргіздік» деді ол.

Осы ақпарат агенттігі ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның мәлімдемелеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Швейцарияда өткен Кипр келіссөзінде түрік тарапының көркейтуші ұстаным ұстанғанын білдірді. Ислам Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің 44-ші кезекті жиналысы үшін Пілтісі жағалауына барған Чавушоғлу баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.  Чавушоғлу «Кипр келіссөзінде өте көркейтуші ұстаным ұстандық. Понти тарапының мәлімдемелері өте таяз және талаптары да орынсыз болды» деді.

Грекияның «Эстия» басылымы президент Ердоған жөнінде бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда,  Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті барысында түрік халқының демократияны сақтап қалу үшін көрсеткен ерлігіне құрмет көрсететінін айтты.  Тиллерсон Стамбулда сөйлеген сөзінде «Маңызды сәт үшін барлығымыз Стамбулға жиналдық. Шамамен бір жыл бұрын түрік халқы, батыл ер адамдар мен батыл әйелдер төңкеріс жасағысы келгендерге қарсы тойтарыс берді.  Демократияларын қорғап қалды. Мен осы кісілердің батырлығына құрмет көрсетеміз. 15 шілде оқиғасы құрбандарын құрметпен еске аламын» деді.



Ұқсас жаңалықтар