Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінде жарияланған Түркия жөніндегі хабарлар.

Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінде жарияланған Түркия жөніндегі хабарлар

Ұлыбритания Reuters хабар агенттігі «Түркия Берлинде Ердоғанды нысанға алған ереуіл ұйымдастырылды» деген тақырып қолданған.

Түркия Германиядағы Федерал премьер-министрлік ғимараты алдында «Phlipp Ruch» атты өнерпаз тарапынан жасалған провокатив әрекетін қатал айыптады. Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемесінде неміс полициясының жеткілікті түрде килікпегені салдарынан оқиғаның ушыққанын жариялады.

АҚШ хабар агенттігі AP «Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ әрқандай бір бейбітшілік келісім аясында әскерлер Кипрден кетпейді» тақырыпта хабар жариялаған.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ этникалық түрде бөлінген Кипрдің бірлесуі үшін жасалған әрқандай бір келісім аясында түрік әскерлерінің Аралда жалғасты қалатынын атап өтті. Чавушоғлұ Түркияның Грекия және халықаралық қауым тарапынан танылған Кипр понти әкімшілігінің талабы болған Кипрдегі әскерлердің шегеруі туралы бір бейбітшілік келісімін қабылдамайтынын білдірді.

Швейцарияда жалғасқан Кипр Конференциясында журналисттердің сұрақтарына жауап берген Чавушоғлұ Аралдан түрік әскерлерінің түбегейлі шегеруінің мүмкін емес екенін айтты.

Германияның, DPA газеті «Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Дональд Туск Түркиямен босқын келісімін ұзарту жағында» деген тақырыпқа орын берген. Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Дональд Туск Еуропаның Түркиямен босқын келісімінің ұзартылуы жағында екенін баяндады. Туск бір газетке берген сұхбатында Түркиядағы босқындарға қолдау мақсатымен 2016 және 2017 жылдары жиыны үш миллиард евроны босатқанын, сондай-ақ осы ақшаның жылдың аяғына дейін жететінін айтты.

Әзірбайжанның Хабар агенттігі APA-ның «Түркия мен Әзірбайжан  ортақ жұмыс істеу тобы » атты хабарында Түркия мен Әзірбайжан арасында білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін құрылған ортақ жұмыс істеу тобының алғашқы жиналысы Әзірбайжанның астанасы Бакуде өтті. Әзірбайжан білім беру министрлігінде ұйымдастырылған жиналысқа Әзірбайжан білім беру министрі Микаил Жаббаров сөйлеген сөзінде Әзірбайжан мен Түркия қарым-қатынастарының өте маңызды екенін, әлемде теңдессіз болғанын айтты. Білім беру саласындағы қарым-қатынастардың жоғарғы деңгейде болғанын баяндаған Жаббаров мыңдаған әзірбайжандық студенттердің Түркияда, түрік студенттерінің де Әзірбайжанда білім алғанын айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар