Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жөніндегі хабарларға орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

Еуропаның халықаралық хабар арнасыEuronews «Кипр мәселесі үшін жаңа шешім шансы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда БҰҰ-ның бақылауында ұйымдастырылған Кипр конференциясы бүгін Швейцарияның Кранс Монтана қаласында басталады. Конференция қаңтар айында Женевада өткен жиналыстардың жалғасы іспеттес. БҰҰ Бас хатшысының Кипр арнайы кеңесшісі Эспен Барт Эйде конференция жайлы «Менің таңдауым бұл келіссөздердің соңғы шанс емес, ең жақсы шанс ретінде қабылдануы. Меніңше бұл ең жақсы шанс және теңдесі жоқ мүмкіншілік. Егер бұл мүмкіншілікті пайдаланбаса өкінішті болар. Мен тараптардың мұны байқағанын ойлаймын» деді.

Ресейдің халықаралық хабар агенттігі Спутник «Орыс телеарнасына сұхбат берген Т.Р. бұрынғы президенті Абдуллах Гүл Анкараның күрд халқына емес, бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-мен байланысты күрд топтарға наразы екенін айтты» деп білдірді.Сирия мен Түркия арасында 900 шақырымдық бір шекара бар екенін және мәселенің Түркияда тарапынан да байқалғанын атап айтқан Гүл «Бұл мәселенің шешімінде бізде орын алуға тиістіміз. Өйткені бұл мәселе тікелей бізге қауіп төндіреді» деді. Сирияның солтүстігінде жағдайдың асқынғанына назар аударған Гүл «Біз күрдтерге қарсы емеспіз. Біз қарсы болған бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-мен байланысты кейбір қарулы күрд топтардың бақылауындағы жердің кеңейтілуі және аймақтың тұрғын демографиясының күштеп өзгертілуі. Әрине мұны қабылдауға болмайды. Бұл өшпенділікті арттырады. Біз бұған алаңдаудамыз» деді.

АҚШ-тың дауысы радиосы «VOA» «Еуропадағы түріктер Ердоғанға үлкен қолдау беруде» атты хабар жариялады.Хабарға қарағанда Еуропалық Түрік Демократтар партиясы (UETD) тарапынан жасалған және Германия, Франция және Голландияда өмір сүрген түріктер арасында «Саяси және әлеуметтік қатысушылық» тақырыпты рапорттың қорытындысы жарияланды. Зерттеу соңғы жылдары Түркияда өткен әртүрлі дауыс берулерде үш елде өмір сүрген түріктердің саяси таңдауларын растайды. Бірақ түрік көшпенділер президент Режеп Тайып Ердоғанға деген ынта мен қызығушылық көрсеткіштері Әділет және даму партиясына қарағанда одан жоғары.

Қырым хабар агенттігіQHA «Украина Түркияға ауылшаруашылық өнімдерінің тасымалдауын арттыруы мүмкін» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Украина ауылшаруашылығы саясаты және азық-түлік министрінің орынбасары Ольга Трофимцева Еуропада ауылшаруашылығы өнімі өндірісінде 4-ші орындағы және егіншілік саласында мықты бір актер болған Түркияның Украинаға қоса басқа елдерден ауқымды өнім импортын жалғастырғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар