Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жөніндегі хабарларға орын берген.

756875
Әлем баспасөзіне шолу

«Ресей дауысы» радиосы «Еуропа Одағының кеңеюге жауапты мүшесі Йоханнес Хан Түркияға барады» деген хабар жариялаған. Еуропа Одағынан Түркияға маңызды сапар болады. Еуропа Одағының кеңеюге жауапты мүшесі Йоханнес Хан 6 шілде күні Түркияға келеді. Еуропа Одағы мен Түркия қарым-қатынастары үшін 12 айлық күнтізбе дайындалған болатын. Алты сатыдан тұратын күнтізбеде кеден одағының жаңалануы,  виза еркіндігінің қамдалуы сынды тақырыптармен қоса терроризммен күрес те орын алады.

Ирандағы ресми ақпарат агенттігі IRNA «Түркияның Ресейден ұзын қашықтықты зымыран жүйесі алуында соңғы сатыға келді» деген тақырыпқа орын берген. Ресейден алынатын S-400 зымыран жүйесі келісімінде соңғы техникалық бағаландыру жүріп жатыр. Түркия қысқа уақытта саяси шешім қабылдайды. Түркияға осы зымыран жүйесі керек болса да, негізгі мақсаты – отандық қорғаныс жүйесін өндіру. Осы тақырыпта бағдарламаларға бастау берді.  Осы бағдарламалар әрі зерттеуді,  әрі жетілдіруді қамтиды. Осы салада кейбір батыстық комапниялар да Түркиямен ынтымақтасу үшін тырысуда. Париждегі авиация және ғарыш көрмесі аясында ортақтық үшін кейбір компаниялар әскери өнеркәсіп фирмаларымен кездесулер жүргізуде.

Германиядағы Deutsche Welle (DW) ТР премьер-министрінің сөздеріне орын берген. Премьер-министр Бинали Йылдырым Афины сапарында грек әріптесі Алексис Ципраспен бас қосты.  Йылдырым Ципраспен өткен баспасөз мәслихатында 15 шілде төңкеріс әрекетінен кейін Грекияға қашып кеткен төңкерісшілер туралы айтты. «Біз елімізге қарсы төңкеріс жасауға әрекеттенген кісілердің қайтарылуын сұраймыз. Құқықтың шешіміне құрмет көрсетеміз,  бірақ төңкерісшілер Грекия мен Түркия арасындағы қатынастарды бұзбасын деп қалаймыз» деді ол.

АҚШ-тан «Американың даусы» болса Кипр келіссөздеріне орын берген.

Женевада 28 маусым күні болатын Кипр келіссөзі түбегейлі келісім үшін соңғы мүмкіндік деп есептеліп отыр. Түрік тарапы Түркияның ешбір саясаты немесе кепілдік құқығының понти жағына сенімсіздік келтіретін бір тақырып еместігін айтып отыр.  Кипр түрік халқы аралда понтилердің қол астына кіру қаупі жоқ, аралдың егемен және саяси теңдігіне сүйенетін бір ортақтықтан басқа ешбір формуланы қабылдамайды. Қысқаша айтқанда Кипр аралының бұрын ешқашан болмағанындай бұдан былай да грек аралы болмайтынын кепілге алатын бір келісім күтеді. Түрік тарапы «Осындай келісімге біз мақұлмыз, әйтпесе әркім өз жолын жалғастырсын» деп отыр.