Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жаңалықтарына орын берген.

Әлем баспасөзіне шолу

Ұлыбританиядан Reuters ақпарат агенттігі «Ердоған «Катардың шеттетілуінің Исламға жатпайтынын айтты» деген хабар жариялаған.  Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған көрші елдердің Катарды шеттеткенін айыптады және мұның Ислами құндылықтарға  жатпайтынын білдірді. Ердоған Әділет және даму партиясының мәжілістегі жиналысында сөйлеген сөзінде «Катар тақырыбында үлкен қателік болып жатыр деп ойлаймыз. Бір елдің азаматтарын шеттету адамдыққа жатпайды.  Исламдыққа да. Катар жөнінде өлім жазасы кесілген секілді.  Катар террорлық ұйым ДАИШ-ке қарсы Түркиямен бірге табанды ұстаным көрсеткен бір ел. Жала жауып,  Катарды қылмысты деп көрсету аймаққа пайда әпермейді» деді. Түркия президентінің Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Мысырдың Катармен қатынастарын үзуінен сегіз күннен кейінгі осы сөздері Доха үкіметінің аймақтағы мықты серігінің қолдауы болып табылады.

Италиядағы Askanews болса Ердоғанның Ирактағы аймақтық әкімшілікке байланысты сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда Ирак Күрд аймақтық әкімшілігінде 25 қыркүйек күні референдум өткізілетіні жөніндегі хабарға наразылық білдірген Түркия президенті Ердоған кеше «Солтүстік Ирактың тәуелсіздігіне бағыттап бір қадам басу – қате. Ирактың территория тұтастығы үшін қауіп» деді. Осындай референдумның ешкімге пайдасы тимейтінін айтқан Режеп Тайып Ердоған «Ирактың территория тұтастығын әрқашан қолдап келдік, бұдан былай да қолдаймыз» деді.

АҚШ-тағы AP ақпарат агенттігі Түркияның Еуропа Одағына мүшелігі жөнінде бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда,  Түркия премьер-министрі елінің Еуропа Одағымен мүшелік келіссөздерін жалғастыруға ниетті екендерін айтты. Кеше Болгария премьер-министрімен бірге баспасөз мәслихатын өткізген премьер-министр Бинали Йылдырым «Түркия ретінде Еуропа Одағымен толық мүшелік келіссөзін жалғастыруға ниеттіміз. Бізде осыған байланысты ерік-жігер бар» деді. Түркия мен Еуропа Одағы арасында өткен жылы қол қойылған визасыз саяхат және Еуропаға босқын ағынын азайту келісімінің толығымен орындалмағанын білдірген Йылдырым визасыз саяхат және кері қабылдаудың принципте бір уақытта күшіне енуі керектігін айтты.

Ресейдегі Риа Новости агенттігі Мәскеуде Түркия фестивалі өтетінін хабарлаған.  Ресейдің бас қаласы Мәскеудегі бір саябақта 16-18 маусым күндері аралығында Түркия фестивалі болады.  фестивальдің қонақтарына Түркияның мәдениеті,  тарихы,  тілі мен дәстүрлері таныстырылады. Келушілер қол өнері ауылын аралап, Каппадокия шарларына мінеді. Түрлі сувенир сатып алып, кофе балын аштырады. Фестивальге Түркиядан «Керемет Сүлейман» сериалының актерлері де келеді. Фестиваль аясында 200 адамға Түркияға демалыс үшін жеребе тартылады.

 



Ұқсас жаңалықтар