Әлем баспасөзіне шолу

Газеттер Түркия жөнінде маңызды хабарларға орын берген.

733819
Әлем баспасөзіне шолу

 АҚШ-тағы Associated Press (AP) ақпарат агенттігі Трамптың сөзін тақырып ретінде қолданған: «Түркия президентін қонақ қылу – абырой»

Хабарға қарағанда,  президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамппен оңаша кездесуін Вашингтонда өткізді.  Трамп президент Ердоғанды есікте жылы қарсы алды. Тілшілердің сұрақтарына жауап берген Трамп Ердоғанды қонақ қылудың «үлкен абырой» екенін айтты.  Трамп айырықша соңғы жылдары түрік халқына қарсы жасалған террорлық лаңкестіктер алдында қолдауын білдірді. Ердоған болса қараша айындағы президенттік сайлаудағы жеңісі үшін Трампты құттықтады.  Президент айырықша АҚШ пен Түркияның БҰҰ, НАТО және Үлкен20 ұйымында бірге жұмыстанғанына назар аударды.

Ресейдің «Риа Новости» агенттігі «Германияның терроризммен емтиханы» деген хабарға орын берген. Хабарда Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырымның сөздері жарияланған. Премьер-министр Йылдырым Германияның 15 шілде күнгі қанды төңкеріс әрекетіне қатысқан террористтер мен Анкара арасында бір таңдау жасауы керектігін айтты.  Йылдырым Түркия мен Германия арасындағы қатынастардың 16 сәуір күнгі референдумнан бұрын Германияның фашистік істері себебімен келіспегенін,  алайда кейіннен болымды хабарлар келе бастағанын,  бірақ неміс басшылардың төңкеріске қатысы бар террористтерге баспана беруінің қатынастарды тағы бұзғанын айтты. «Германия бір нәрсеге шешім беруі керек.  Түркиямен қарым-қатынастарын жетілдіргісі келетін болса,  террористтермен емес,  Түркия Республикасымен жақсы араласуы керек» деді ол.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Әл Арабия телеарнасы террор ұйымына байланысты хабар жариялаған.  Ирак Күрд аймақтық әкімшілік премьер-министрі Нечирван Барзани Әл Арабия телеарнасына берген сұхбатында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Синжардағы болмысының аймақтың тұрақсыздығын мақсат еткен бір қадам екенін айтты. Барзани қазір Бағдатта PKK-ға қолдау беріп отырған тараптар бар екенін және олардың террористтерге рухани және материалдық қолдау бергендерін атап көрсетті. «Ирактық лауазым иелерінің террористтерге көмек беру саясаты дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл саясаттар Түркиямен жақсы көршілік принцибіне жатпайды және Иракқа да пайдалы емес.  PKK-ның Синжардағы болмысының аймақтың тұрақсыздығына апарып соғатынын баршамыз білеміз» деді ол. Барзани Бағдат үкіметінің Ирак Күрд аймақтық әкімшілігімен координацияда болуы керектігін,  осы аймақтарда террор ұйымының тұрақтылықты бұзбауы үшін қозғалысқа өтуі керектігін атап көрсетті.

Германиядағы Deutsche Welle «Заманауи Жібек жолы жобасына Еуропаның көзқарасы» деген мақала жариялаған. Әлемдегі кейбір басшылар Қытайдың Жібек Жолы жобасы үшін Пекинде бас қосты.  Миллиардтаған доллардық инвестиция мақсаттарынан Түркия секілді елдердің үміті үлкен.  Еуропа елдері болса жобалардың жүзеге асырылуы арқылы сауда-саттық Азияға ауысады деп уайымдайды.  Саммитте Түркия, Ресей және Қытайдың жақындасуы да Еуропаның назарынан тыс қалмады. Әлемнің ең дамыған жеті экономикасынан тұратын Үлкен Жетілік елдерінен тек Италия ғана басшылар деңгейінде қатысты.  Еуропа баспасөзінде жобалар арқылы сауда бағытының тек Азияда шоғырланатыны,  Азия елдерінің экономикалық түрде дамитыны атап көрсетілді.