Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркиядағы референдумға кең орын берген.

716110
Әлем баспасөзіне шолу

Грекиядағы «Newsbeast» газеті «Халық ерік-жігерін сандықта көрсетті және талас аяқталды» деген тақырып қолданған.

Премьер-министр Бинали Йылдырым жексенбі күні болған жаңа басқару жүйесін де қамтитын референдум қорытындысына байланысты күдікті ойлардың босына екенін айтты.  Йылдырым: «Халық ерік-жігерін сандықта көрсетті және талас аяқталды» деді.  Йылдырым «Барша қорытындыға құрмет көрсетуі керек» деді.

Ұлыбританиядан «Reuters» агенттігі «Жоғары сайлау комитетіне бағытталған сындар саяси мақсатты» деген тақырыппен хабар жариялаған.  Еуропа Одағы министрі Өмер Челик референдумда Жоғары сайлау комитетінің мөр басылмаған бюллетеньдерді жарамды деп қабылдау шешіміне байланысты пікірлердің саяси мақсатты екенін айтып, сынады. Челик Түркияның мықты заңы бар екенін,  сайлаудың ашық өткенін айтты.  «Жоғары сайлау комитетінің мөр басылмаған дауыс бюллетеньдерін қабылдау шешімін сынаған пікірлер қате» деді ол. Челик «Еуропаның кейбір саяси қайраткерлері референдумды Еуропа мен Түркия қатынастарының соңы деп есептейді.  Мұндай мәлімдемелер де демократия мәдениетінен мақұрым екендерін көрсетеді» деді.

Германиядағы DPA агенттігі «Еуропалық бақылаушылар PKK жақтаушылары» деген тақырып қолданған.

Түркия Атазаң өзгерісі үшін жасалған референдумды бақылау үшін келген делегацияда орын алған Германия Сол партиясының мүшесі Андрей Хунконың опасыз және бөлшектеуші террор ұйымын жақтайтынын ортаға шығарды.  Осылайша еуропалық бақылаушылар бейтараптығынан айрылды.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу әлеуметтік желі арқылы Хунконың PKK байрағымен түскен суретін бөлісті.  Чавушоғлу осыған байланысты «Террористтік ұйымның символымен суретке түскен Хунко Еуропа Кеңесінің сайлаудағы бақылаушысы.  Осы кісіден бейтараптық күтеміз бе?» деп жазды.  Жексенбі күні болған референдумда Еуропа Кеңесі парламентарлар ассамблеясы атынан бақылаушы ретінде орын алған болатын.

Италиядағы «Il Messaggero» газеті «Батыс әлемі Түркия тақырыбында қате пікірге ие» деген тақырыппен хабар жариялаған.  «Батыс әлемінің Түркияны дұрыс түсінуі үшін обьектив болуы керек.  Еуропа елдері өз саяси күдікшілдігі және сауатсыздықтарынан тазаланса,  Түркиямен қатынастарды жеңіл құру үшін үміт оянады. Батыс Түркияның социологиялық құрылымы және географиялық тұғырына байланысты қате пікірлерден өзін құтқаруы керек.  Батыс әлемі әсіресе терроризммен күрес тақырыбында Түркияның қозғалыстары мен еңбектерін түсінуі қажет. Себебі экстремистік ұйымдар орналасқан Сирия және Ирак секілді елдермен Түркияның шекарасы кең. Осы қиын жағдайда Түркиямен жақсы қатынастар құрылса,  Түркияны өз қатарына алу ықтималы арта түседі» деп жазылған газетте.