Әлем баспасөзіне шолу

Агенттіктер Түркия жөніндегі маңызды хабарларға орын берген.

426745
Әлем баспасөзіне шолу

Франциядан жарияланатын AFP агенттігі президент Ердоғанның Чилидегі сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда, Ердоған елі мен Латын Америка арасында сауда байланыстарының құрылуын сұрады. Президент Ердоған Чили басшысы Мишель Бачелетпен кездесуінен кейін «Чили - Латын Америка мен Карибтерге ашылуымыздың басты елі. Осы ашылу стратегиясы соңғы 10 жылда жылдамдады» деді.

Чили басшысы да «Арамыздағы саудаға «жаңа өнімдер мен қызмет» саласында қосып, мүмкіндіктерді арттырамыз деп ойлаймыз» деді. Чили - аймақта Түркиямен еркін сауда келісіміне қол қойған жалғыз ел.

AP агенттігі болса Түркия вице-премьері Нуман Куртулмуштың сөздеріне орын берген. Түркия вице-премьері Нуман Куртулмуш үкіметтің Түркияда адам алып қашырумен күрес қабілетін арттыратын жаңа шаралар жетілдіретінін айтты. Дүйсенбі күні өткен министрлер кабинеті жиналысынан кейін баспасөзге мәлімет берген Куртулмуш үкіметтің қауіпсіздік органдары мен үкімет органдары арасындағы координацияны жетілдіріп, шекара қауіпсіздігінің арттырылуын қамдайтынын білдірді.

Ұлыбританияның «The Independent on Sunday» газеті Түркияның Ұлыбританиядағы өкілетті және төтенше елшісі Абдуррахман Билгичтің мақаласын жариялаған. Билгич мақаласында ДАИШ және Әл Нусра майданының Түркияның террор ұйымы тізімінде көптен бері бар екенін жазды. Түркияның ДАИШ террор ұйымының көптеген терактінің құрбаны екенін айтқан елші оның үстіне Түркияның Сирияға шетелдік азаматтардың кіруін тоқтату үшін алғы шепте орын алғанын атап көрсетті. Мақалаға қарағанда Түркия ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияның Шетелдік террорист сарбаздар жұмыс тобының тең төрағасы қызметін атқарады. 2015 жылдың басынан бері осы террор ұйымымен байланыстарына орай 1709 адам ұсталды. Бұлардың 556-сы шетелдік азамат. 474 адам тұтқындалды.

Германияда шығатын «Deutsche Welle» болса Еуропадан бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Еуропа Әділет алқасы АҚШ пен Еуропа арасындағы дата трансферін реттейтін “Safe Harbor” келісімінің күшін жойғаннан кейін АҚШ пен ЕО жаға келісім жасау үшін келісімге келді. Келісімге орай АҚШ тергеу органдары және жасырын қызметтердің еуропадағы жеке адам деректеріне қол жеткізуіне шектеме келтіретіні жөнінде уәде берді. Жеке деректерге байланысты заң бұзушылық болған жағдайда азаматтардың құқығын қолдайтын келісім енді ЕО елдері мен Еуропа парламентінде мақұлдануы керек.