Сирия қайда барады?

Прф. Кудрет Бүлбүлдің мақаласы

Сирия қайда барады?

Сирия қайда барады?

Сириядағы шайқас жеті жылдан бері аяусыз жалғасуда.  Астана процесі барысында «қақтығысты бәсеңдету аймағы» ретінде жарияланған 4 аймақтың соңғысы Идлибке Асад әкімшілігі мен Ресейдің шабуылдары әлемнің күн тәртібінде.  Бүкіл әлем осы бомбалау барысында қанша миллион адамның елінен көшетінін,  химиялық қару қолданылып қолданылмайтынын талқылауда.  Бір телесериалдың сценарийі туралы айтып отырған секілді, қайғысыз, ештеңені елеместен. Жүректері тасқа айналған іспеттес.

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультеті деканы Проф. Кудрет Бүлбүлдің осы тақырыптағы анализін ұсынамыз.

       Астана процесінің тараптары – Түркия, Иран және Ресей өткен аптада Тегеранда бас қосты. Идлиб және жалпы Сирияның болашағы туралы сөз қозғалды.  Тегеран саммиті батыс елдері алыстан «әндеткен», халықаралық қоғам мен ұйымдар үнсіз қалған бір әлемде Түркияның сириялықтардың қырылмауы үшін қалай жалғыз қалғанының және жалғыз өзі күрескенінің нақты айғағы болды. Түркия мен Ресейдің хабарынсыз Иран тарапының келіссөзді тікелей эфирде жариялауы осы шындықты бүкіл әлемнің естуіне себепші болды. Өкінішке орай кездесуде басқа лидерлерден сириялық азаматтардың гуманитарлық жағдайына байланысты алаңдайтын сөйлем естімедік. Президент Ердоған бірнеше мәрте бітім керектігін тілге тиек етті. Түркияның көпшілігі сириялық азамат барлығы 4,5 миллион босқынға мекен болғанын айтты. Ал Түркия көптеген ел секілді шекарасын босқындарға, жүрегін адамдыққа жабуына болар еді.  Бірнеше мың босқын көргенде Еуроодақ құндылықтарын,  адам құқықтарын,  «еркіндік,  теңдік, бауырластық» ұрандарын ұмытатын, босқындарға деген жек көрушілікпен саясат жүргізетін Еуропа Одағындағы кейбір елдер секілді қозғалуына болар еді.  Негізінде Түркия олай істей алмайды.  Түркияны ерекше қылатын қасиеті - тарихи, ұждандық және адамдық жауапкершіліктері.

Соғыстың жетінші жылында тараптардың ұстанымында,  өкінішке орай,  ешбір өзгеріс жоқ. Ресей Сириядағы базалары арқылы Жерорта теңізінде ықпалды болу және Қырым, Грузия, Украинада емес, батыспен алыс аймақта кездесу мақсатымен Асад әкімшілігін қолдауын жалғастыруда.

Иран аймақтық экспансиялық саясатын Сирияда да жалғастыруда.  Діни лидер Әли Хаманейге жақындығымен танымал,  Тегеран депутаты Али Рыза Закаидің «Үш араб елі бүгін Иранның қолында және Ислам төңкерісіне тәуелді. Сана Иран төңкерісіне қосылу жолындағы төртінші араб астанасы болды» деген сөздері Иранның аймақтық экспансиялық саясатын ашып көрсетеді. Ливан,  Ирак, Йемен, Сирия бас қалалары Закаи айтқандай қаншалықты «Иранның қолында» мен білмеймін.  Бірақ осы елдердегі оқиғалар аймақ халқының төгілген қанға Иранды жауапты деп есептейтіндерін көрсетеді. Ирактың екі ірі қаласы мен ең маңызды портты қаласы Басрада көпшілігі шиіт болып саналатын халықтың Иранға қарсы көшеге шығуы,  Иран бас консулдығын өртеуі  Иранның экпансиясының осы елдерде қалдырған ізін көру тұрғысынан сабақ болуы керек. Оның үстіне әлемнің арғы жағына да барып жатқанда,  Иранға ешбір босқынның бармауы сириялықтардың Иранның секталық жікшілдігі, көршілік қатынастары мен гуманитарлық құндылығына деген ешбір үміті жоқтығын көрсетпей ме?

Сирия соғысының «перде артындағы» ең маңызды ел Израиль секілді.  Израиль басынан бері аймақтағы қарсыластарының барлығы бірге күшінен айрылуы үшін соғыстың барынша созылуы бағытында саясат жүргізуде. Бұл Израильдің шекарасын Сионист еврейлердің арманы аясында Түркияның оңтүстік шығысын да қамтитын «уәде берілген жерлерге» дейін кеңейтілуін көздейтін «Ұлы Израиль» стратегиясымен сәйкеседі. Бәлкім әу бастан бері саясат осы бағытта жетілдірілуде.

Америка Құрама Штаттарының Сирия саясаты болса Израильден бөлек емес.  АҚШ ДАИШ қаупі жойылғанына қарамастан PKK-PYD террорлық ұйымдарына әртүрлі қару-жарақтармен төтенше қолдау беруін жалғастыруда.  Осы қолдаудың Иранды қоршауға алу үшін жасалғаны да айтылып жүр.  Түркияны бөлу мақсатындағы Түркия шекарасы бойында террорлық мемлекет үшін берілген төтенше көмек тек Иранды қоршауға алу үшін деп түсіндіріле ме? Бұл жеткілікті ме? Әлде осы террорлық дәліз Израильдің ұзын мерзімді мақсатына жетуі үшін ашылған бір жол ма?

Және Еуропа Одағы.  Осыра оңшылдардың ықпалы бара-бара артқан осы елдердегі жағдайда жалғыз дерті 3-4 сириялық босқынның елге келмеуі болып табылатын Еуропа Одағының және мүше елдерінің Сирия үшін бір саясаты бар деп айтуға бола ма?

Америка Құрама Штаттары тек Израильге тәуелді саясаттарынан бас тартпайынша, Еуропа Одағы орындалмайтын, іске аспайтын бос уәделерден нақты қадамдарға өтпейінше орыс және парсы қолдауын алған Сирияда Асад әкімшілігінің шабуылдарын тоқтатуды күту- босына. Еуропа Одағы мен Америка Құрама Штаттары сириялықтар өз елінде өлуді жалғастырғанша немесе Түркияда тұрғанынша проблема жоқ деп есептейді.

Сирияда бүкіл әлем елдерінің көзі алдында этникалық тазалық жүріп жатыр.  Елдің демографиялық құрылымы өзгертілуде.  Әкімшілік пен оның қолдаушылары, кейде батыс елдері өздері басып алғысы келген қалалардың «терроризм ұяшығы» екенін айтып,  осы жерлерді бомбалап жатыр. Осының нәтижесінде миллиондаған адам елінен кетуге мәжбүр болады.  Миллиондаған адам террорист деп ойлайсыздар ма? Осындағы мақсат – этникалық тазалық жүргізу,  қалалардың демографиялық құрылымын өзгерту. Мақсат террорлық ұйымдармен күресу болатын болса мұның жалғыз жолы террористтерді жазықсыз бейбіт халықтан айырмай, тұрғындардың барлығын бірге жойып жіберу ме?

Құнын соғысып жатқандар емес,  Түркия секілді адамдық үшін алаңдайтындар төлейтін Сириядағы лас шайқас доғарылуы керек.  Жараны сауықтыру үшін көптеген жылдар кетеді.  Сондықтан дереу доғару қажет.  Осы соғыста тірілей өртенген сәбилердің күнәсі не? Бомбаның астында қалмау үшін елінен қашып бара жатып теңізде тұншығып өлген Айлан нәресте секілді тағы қаншама сәбидің трагедиясын көруіміз керек? Жүрегіміз бұларды көтере ала ма?

Адам баласының тарихында қаншама залымдар өтті. Сталин, Гитлер, Муссолини, Иван Грозный, Пол Пот, Иди Амин, Робеспье́р, Влад Дракула, крестшілер- осылардың бастылары. Тарихта ешқайсының зұлымдығы түбегейлі болмады,  ерте ме кеш пе залымдықтары өздеріне бәле болып, зиян көрген жазықсыздар жеңіп шықты. Бүгінгі күні осы залымдарды барша біліп және лағінет оқып отырған болса, бұл  ұзын мерзімде адамдықтың жеңісі деген сөз. Қарақшылар әлемді билей алмайды.



Ұқсас жаңалықтар