Әзірет Ламии Челеби

Анатолының дана - ғұламалары 36

Әзірет Ламии Челеби

Анатолы – жылы шырайлы бір аймақ. Түнерген адамды жақтырмайды және құрамына қабылдамайды. Әрі өзіне, әрі басқаға мейірімділікпен қарайды.

Неге десеңіз, өйткені Анатолы тұрғыны кімге қараса, онда өзін көреді. Осында барша бір-бірінің анасы сияқты.

Мәулана да, Юнус та бізге мұны насихаттаған:

«Басқалардан сен бөлек емессің, оның айыбы сенің де айыбың, қорлаушы болма, мейірім көрсет». Міне Анатолының білімі осы әсемдік пен нәзіктіктің негізінде құрылған. Бұл білімнің іргетастарын қалаған Анатолы дәруіштері адамның абыройы мен беделін көтеруге тырысады. Жаратушының атауларымен қамтамасыз етілген адамды кемелдендіріп, Латиф (Алланың 99 есімінің бірі) яғни, нәзік қылуға талпынады.

Бүгін сіздерге күш-қайратын осы бағытта жұмсаған тұлғалардың бірін, шығармаларымен әдебиетімізге қолтаңба қалдырған Әзірет Ламии Челебиді таныстырамыз.

Әзірет Ламии Челеби XVI. ғасыр Османлы-түрік әдебиетінің ең маңызды тұлғаларының бірі болған. Тегі Бурса қаласынан шыққан. Бұл маңызды мәдениет орталығында өнерпаздар мен ғалымдар тәрбиелеген бір отбасының мүшесі ретінде дүниеге келген. Даналардың ізінен жүріп, жақсы білім алған және медресе ілімінде саусақпен көрсетілген бір сатыға көтерілген.

Сонда да қол жеткізген мәртебесін жеткіліксіз көріп, әртүрлі ізденіске түскен. Іздеп жатқанын сопылық жолында тапқан. Сіздерге өткен бағдарламамызда таныстырылған Әзірет Әмір Ахмед-и Бухари қол ұшын созып, Ламии Челебидің жолына жарық түсірген. Накшибандия ережелерін шәкіртіне барлық тұстарымен үйреткен.

Мықты бір сопы ретінде Әзірет Ламии Челеби өзіне мамандық ретінде жазушылықты таңдаған. Бір жақтан аудармалар жасап, басқа жақтан да шығармаларын сарай төңірегіндегілерге ұсынған. Ақыры шығармаларының бірін Явуз Сұлтан Селим Хан қатты ұнатып, оған жақсы бір еңбек ақы да төлеткізген. Осы айлықтың арқасында бар уақытын толығымен жазушылыққа арнауға мүмкіндік тапқан.

Осында мынаны еске салған дұрыс: Терең тәжірибесі және ақылымен Әзірет Ламии Челеби қалаған кезде мемлекеттік құрылымда өте жақсы мәртебелерге көтеріле алатын. Сарайдың сүйіктісіне де айнала алатын еді. Дегенмен ол басқаша бір бағытты ұстанып, бар уақытын, бүкіл энергиясын Алланың жолында ғылымға арнаған.

Әзірет Ламии Челеби «қысқа» деп саналатын өміріне отызға жуық кітап сиғызған. Шығармаларында да өміріндегі сияқты білімге сүйенген бір тіршіліктің ізінен жүрген және әрі Бурса қаласының санасында, әрі Анатолы білімінде үлкен іздер қалдырып қайтыс болған. Оған Алланың рақымшылығын тілейміз.

Әзірет Ламии Челеби бір діни пәлсапа мен теоретика ұстасы болған. Қаламын әрі өлең, әрі проза саласында ұсталықпен қолданған. Әдебиет тарихшылары оны замандастарынан бөлек бір сатыда қолға алады. Өйткені Ламии «ғылымсыз өлең іргетасы қаланбаған қабырғаға ұқсайды» деген сөзді өзіне жетекші қылғаны себепті не жазса да, ішін толтырған, бос сөз айтпаған.

Дегенмен Анатолы дәруіштерінің ешбірінің бос сөзі болмаған. Сөздердің ішін толтырмай ауыздарынан сөз шықпаған. Өйткені сөздің қандай салмақ түсіргенін жақсы ұққан. Олар сөз ауыздан шықпайынша бізге құл екенін, ауыздан шыққан соң біздің оған құл болатынымызды білген. Сөз ауыздан бір рет шыққан соң кері қайтарыла алмайтынын жақсы білген.

Әзірет Ламии Челеби де ең рискті салаларда жазып отырғанның өзінде бұл түсініктен айнымаған. Діни пәлсапа және теоретикамен байламды ең нәзік, ең көркем сөзді қолданғанда сөздің нәпсіқұмарлығына берілмеген.

Бұл «сөздің нәпсіқұмарлығы» тақырыбы маңызды. Өйткені қалам иесіне де, шешендерге де өте қате жұмыстар істеткізеді. Басқалар жасаған күнәлерін мойындатады. Он рет ойлап бір рет айтпай, бір рет ойлап он рет сөйлеу дұрыс бір ұстаным емес. Сөз айтқандар шабыттарын тоқтата білу керек. Жазушылар үшін де, өнерпаздар үшін де, мемлекет қайраткерлері үшін де жағдай осылай.

Әзірет Ламии Челебидің маңызды шығармаларының бірінің «Летаифнаме» деп аталуы бостан бос емес. Күлкілі хикаялар орын алған бұл кітаптың өзінде осы ережеден айнымаған. Адамдарды күлдіремін деп бос жұмыстарға бет алмаған. Түсіндіргендері әрі сабақ берген, әрі күлімсіреткен.

Бұл қиын теңдікті ортаға қойғанда бір ережені ұстанған: Қандай сөз айтсаң да, әйтеуір жалғаннан аулақ бол.

 

Алланың сәулесіне бір айна бұл көңіл,

Ырым мен шатақ жұмыстардың бір мекені емес ғой...

 

Әзірет Ламии Челебидің «Хүсн-ү тіл: Сұлулық пен көңіл» атты бір кітабы бар. Бірақ осында айтқандары, қазіргі таңда «не күнә жасасаң да, тек қана жүрегің таза болсын» деушілерге онша ұқсамайды. Керісінше жүрек тазалығы үшін үлкен бір талпыныспен күш жұмсау керек екенін біліп, сол үшін жалғыз жолды бізге көрсетеді: Тезкийе-и нефс. Яғни нәпсісін тазалап, өткінші, қисынсыз әрекеттерден арылу...

Мұны жасамаған адамдар шырғалаң шеңбердің ішінде айналып тұруға мәжбүр. Көрген нәрсесіне қызығып, қол жеткізген сайын жаңаларын қалап отыратын болады. Әзірет Ламии Челеби мұны бір өлеңімен түсіндіреді:

 

Білімді адам әр жағдайды,

Мейірімділікпен қабылдап, Хаққа шүкір етеді.

Надан адам молшылыққа қарамастан

Бәрібір Құдайға шағымданады.

 

Қанағаттану - таусылмайтын бір қазына. Адам баласы мұны ұққанда, басқа қазыналарға берілмейтін болады. Ламии Челеби айтқандай, шүкіршілік жасап, жолын жалғастырады. Бірақ адам сонда да қанағаттанудың орнына шағымдануды таңдайды.

Әзірет Ламии Челебиді бір күні достары шақырады. Ғалымдар мен білімділер қатысатын бір ғылыми жиналыс екен. Қабылдап, жиналыс өтетін уақытта шақырылған жерге барады.

Сол дәуірлерде мұндай жиналыстарға шақырылған қонақтар белгілі бір тәртіппен отырғызылатын. Ғылыми білімі жоғары тұлғалар төрге отырғызылатын.

Бірақ осында күтпеген бір қарама-қайшылық кездеседі. Мәжіліске кейіннен келген дөрекі бір бай бұл тәртіпке бағынбай, төрге отырады. Бай болғаны себепті мұны өзіне берілген хақ ретінде көреді. Және айналасындағылармен шулап, байлығы жайлы әңгіме атып отырады.

Міне, сол кезде жиналысқа қатысқандар сөз ұстасы Әзірет Ламии Челебиден осы сияқты адамдарды суреттейтін бір өлең оқуын сұрайды.

Ол да дәл сол сәтте бір шумақ өлең оқиды. Қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмай осы күнге дейін айтыла келген мына өлең жолдарын айтып берген:

 

Бұл жаһанда азғындар абыройлы,

Өнерпаздар абыройсыз орында.

Әйтпесе әлем теңіз сияқты,

Інжу-маржандар тереңде, құнсыздар жоғарыда.

 

Байлықтың, материалды мүдделердің ешкімді адамгершілік мәртебеге көтермегені анық. Мыңдаған жылдан бері бұл шындық әдеби мәтіндерде және уағыздарда жиі тілге тиек етіледі. Дегенмен адамның нәпсісі де өз орнында тұр. Адамзат баласында бұл нәпсі тұрған сайын, біліктіліктің онымен шайқасы да мәңгі жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар