Жаһандық перспектива - 36

Үндістан мұсылмандары

Жаһандық перспектива - 36

Әлеуметтанушы Дэвид Харвей «Постмодернизмнің жағдайы» атты шығармасында біз өмір сүріп жатқан ғасырды «уақыт пен кеңістік» кептелісі ретінде атайды. Бастан кешкен жаһандану процесі ұзақ қашықтықтарды жақындастырып жатса, жақын қашықтарды да алыстата алады. Ортақ тарихты, өткенді де ұмыттыра алады.

Бұл бағдарламамызда Үндістан мұсылмандары жайлы сөз қозғағым келеді. Бүгінгі таңда Үндістан қоғамдық сана тұрғысынан бізге Мексика сияқты алыс. Дегенмен тарихи тұрғыдан да солай ма?

Үндістанның ұмытылған Ислам тарихы

Үнді құрлығының төменгі жағы (Үндістан, Пәкістан, Бангладеш) Ислам дінімен танысуы Әзірет Өмердің дәуіріне дейін барады.

Түркия Үні Радиосының түрік тілінде жарияланған «Чешми Джиһан» атты бағдарламасына қонақ ретінде шақырылған Делидегі, Машрек Центр зерттеу директоры және  Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану ғылымдары қонақ аға оқытушысы доктор Омайр Анас Үндістанға Исламның 3 жол арқылы келгеніне назар аударады:

Біріншіден Индонезиядағы сияқты мұсылман саудагерлер арқылы. Сауда-саттық жұмыстарын өте әділ және тиімді жасаған, сатуда сенім артқан мұсылман саудагерлер құрлықта ислам дінінің тарауына ықпал етті.

Екінші жолы: Орталық Азиядан келген сопылар Үндістанға ықпал етті. Доктор Анас құрлықта әсіресе Мәулана Желаладдин Румидің жақсы танылғанына назар  аударуда. Үнді мұсылмандардың әсіресе де сопылардың Түркияға келген сайын Конияға барғанын айтады. Әзірет Мәулананың да екі ел үшін аса маңызды бір көпір болатынын жеткізеді. Әзірет Мәулананың да Үндістанға жақын бір аймақтан Ауғанстанның Хорасан яғни Белх қаласынан шығуы бәлкім бұл ықпалды арттыратын маңыз бір тақырып. Өмірбаянына қарағанда Әзірет Мәулана шынымен де бір ұшы сол аймаққа, екінші ұшы Анадолыға созылған, үні ғасырлардан асқан және тарихтан биік бір көпір сияқты. Аймақтарды, елдерді және адамдарды әрқашан біріктіріп отырады.

Үшінші жол болса ғасырлар бойы жалғасқан мұсылман әкімшіліктер. Түрік текті мұсылман басшылар Үндістанда мыңыншы жылдан кейін ықпалды бола бастады. Османлы және Андалусия үлгісінде болғандай мейірімді, әртүрлі айырмашылықты құрметтейтін бір басшылық ортаға қояды. Үнді құрлығының төменгі жағындағы салт-дәстүр жергілікті халықтың мәдениетімен аралас-құралас өмір сүреді.

Үнді құрлығының төменгі жағынан өте үлкен Ислам ғұламалары да шыққан. Есімізге түсіретін болсақ; «Мектубат» атты шығарманың жазушысы Имамы Раббани (1564-1624), Хүжжетүллахи-л Балиғаның авторы Шах Уәлийуллах Дехлеви (1602-1662) және Мұсылмандардың төмендеуімен әлем нелерден айырылды атты кітаптың авторы Әбул Хасан эн-Недви (1914-1999) осылардың бастылары.

Ағылшын басқыншылығының артынан Үндістанның Ислами тарихы одан сирек аталатын, одан аз білінетін болды. Ұмыттыла бастады. Осында басқыншылық саясаттары сияқты Үндістан, Пәкістан және Бангладештің өз мемлекеттерінің құрылу кезеңдерінде өз ұлттық тарихтарын және ұлттарын ортаға шығару талпыныстарының ықпалы бар екенін айтуымызға болады.

Қазіргі таңда 200 миллионнан астам мұсылман тұрғынымен Үндістан әлемде ең көп мұсылман адам санына ие Индонезияның артынан екінші ел ретінде қабылданады. Үнді құрлығының төменгі жағы ретінде қарағанда мұсылман адам санының 600 миллионға жақындағанын байқаймыз. Үндістанның жалпы адам саны болса, 1.3 миллиардқа ұласты. Үндістан мұсылмандарының қазіргі жағдайы болса өкінішке орай нашар. Ассам аймағында мұсылмандарға бағытталған қысымдар артуда.

700 жыл жалғасқан түрік текті сұлтандықтар

Үнді құрлығының төменгі жағында мыңыншы жылдан бастап, 1875 жылға дейін түрік текті сұлтандықтар билік жүргізген.

Құрлықта түрік текті сұлтандықтар Газналықтар кезеңімен басталады. Тағы белгілі сұлтандықтардың бірі болса Шағатай әулетінен Бабыр Шах пен баласы Джихангир Шах билік жүргізген ең мықты дәуірлердің бірі Бабыр империясы.

Соңғы Бабыр шахы Бахадыр Шахтың 1857 жылы ағылшындарға жеңілуімен Үнді құрлығының төменгі жағында сұлтандықтар дәуірі аяқталды.

Османлы сұлтандары мен Үндістандағы сұлтандар арасындағы жақын ынтымақтастық баршаға мәлім. Османлы әулеті Түркиядан айдалған кезде Османлы сұлтандарының кейбіреулері Үнді ханзадаларға тұрмысқа шығады.

Ағылшындар Үндістанды әлде қайда бұрын басып алғанда немесе АҚШ-ты мұсылмандар тапқанда не болар еді?

Бүгін Үндістанда 18 ресми тіл, 22 уәлаят, 400 шақты тіл мен диалект бар. Әлемнің дін, тіл, мәдениет, наным тұрғысынан ең қызық және ең бай мемлекеті. Осы байлықтың қазіргі таңға дейін келуінде күдіксіз ұзақ жылдар бойы мұсылман басшылардың жалғасқан ықпалы болса керек. Өйткені осы әкімшіліктер жергілікті мәдениеттерді, тілдерді, діндерді жойып ассимиляция жасамай оларды өз мәдениеттерінің бір бөлігі ретінде қабылдаған бір басқару тәсілін қолданды. Османдықтардың өз аймағында, арабтардың Андалусияда жасағаны сияқты. Осы себептен мұсылман әкімшіліктердің билігі барысында осы аймақтардағы барлық діндер, тілдер мен мәдениеттер өз болмыстарын сақтап қалды. Өте ұзақ уақытқа созылған мұсылман биліктерге қарамастан қазір Балканда түрік тілі, Андалусияда болса араб тілінен түк таппайсыз. Бірақ ағылшын тілі Үндістан, Пәкістан және Бангладештің ресми тілдері арасында. АҚШ-та болса жергілікті халықтың қазіргі тілі, діні және мәдениеті былай тұрсын, азайған адам санына байланысты өздері қорғауға алынған.

Бұл жағдай адамның есіне мына бір сұрақты түсіреді:  ағылшындар 1 мың 800 жылдары емес, АҚШ сияқты 1 мың 400 жылдары Үндістанға келгенде, қандай жағдай ортаға шығар еді? Ойымызша, АҚШ сияқты ақ нәсілді адамның тілін, дінін одан көп қыспаққа алған жергілікті мәдениеттер, тілдер, нанымдар жойылған бір ел болар еді. Ал керісінше ойлайық; АҚШ құрлығын батыстан бұрын мұсылмандар ашқанда жағдай қалай болар еді? Ацтектер, Инкалар, Майя және басқа да мәдениеттер, нанымдар, тілдер тағы жойылудың шегіне жетер ме еді? Әлде АҚШ-тың жерін олар билеп отырар ма еді?

Ағылшын басқыншылығының артынан Үнді құрлығының төменгі жағында тек қана батыс мәдениеті егемен болған емес. Құрлық Үндістан, Пәкістан және Бангладеш болып үшке бөлінеді. Осы бөлінуді ағылшын империализмнің «бөлшекте-басқар» саясатының бір нәтижесі ме, әлде қыспаққа алынған мұсылмандардың бейшара саясаты ма екені маңызды талас. Құрлық бір тұтас ел болғанда, осы елдер бір-біріне қарсы болмас еді. Бәлкім көпшілігі мұсылман болған аймаққа одан көп тыныштық пен тұрақтылық орнар еді. Кім біледі?

Азаттық күресі мен Үнді мұсылмандары

Бірінші дүниежүзілік соғыста ағылшындар Османлы жеріне шабуылдағанда, Үнді мұсылмандары үлкен наразылық көрсетті. Өздері ағылшын басқыншылығында болатын. Османлы мемлекетінің де басқыншылыққа ұшырауы оларды одан да қинады. Османлы мемлекетіне жәрдем мақсатты Джиннах және Ганди қолдау берген Халифат қозғалысы басталды. Үлкен шерулер ұйымдастырды. Қозғалыстың алдынғы қатарлылары сол кездегі ағылшын премьер-министрімен кездеседі. Азаттық соғысына қолдау беру мақсатты араларында ақша жинап, Түркияға жолдады.

Жаһандану процесімен бастаған едік, сонымен аяқтайық. Жаһандану әлемді бір-біріне одан әрі жақындастыра отырып, бізге жақын аймақтарды, ортақ тағдырды, тарихи жақындастықты ұмыттырмауға тиісті. Осы жақындықтар 21-ші ғасырда алдынғы қатарлы мемлекеттердің бірі болуға үміткер Үндістанмен қарым-қатынастарды көп тұсты күшейтуге септігін тигізу керек.



Ұқсас жаңалықтар