Әмір Ахмед-и Бухари

Анатолының дана - ғұламалары 35

Әмір Ахмед-и Бухари

Өзімен өзі жалғыз қалу көзге түспейді деген мағынаға келмейді. Нанымы толық барша ең жалғыз кездің өзінде жаратушының оны қадағалап отырғанын біледі.

Міне, осы түсінік рақымшыл ұстанымға апарған жолда басылған алғашқы қадам болып табылады. Өйткені Алланың құзырына шыққанда, қателік жасаудан қорқасың.

Анатолы дәруіштері тіршіліктерін осы түсінік негізінде құрған тұлғалар болып табылады. Тіпті Алланың қадағалап отырғаны түсінігін мықты сезінгені соншама, басқан әр қадам оның ризашылығына сәйкес болсын деп қалайды. Белгілі бір сатының артынан болмыстары Алламен бірігеді. Әр тыныста Хақты зікір етіп, қараған әр нәрсесінде Хақты көреді.

Олардың бұл тіршілік пәлсапасын түсіндіруге тырысқан бағдарламамыздың осы бөлімінде Әмір Ахмед-и Бухариді таныстырамыз. Тіршілігінің әр сәтін Алланың құзырында іспетті құрмет және сүйіспеншілікпен өткізген Нақшбандия жамағатының пірі...

Шәкірті Ламии Челеби «ақиқаттың күні және Алланың құты» деп танытқан  Әмір Ахмад-и Бухари 15-ші ғасырдың орталарында Бұхарада дүниеге келді. Пайғамбардың тегінен келгені себепті «сейид» деп аталған бір отбасының мүшесі. Атасы сондай-ақ аса маңызды бір сопылық данасы болғаны себепті сопылық дәстүрде тәрбиеленген. Алғашқы білімін Бұхарада алған соң Самаркандқа өтіп, Нақшбандия пірі Әзірет Убейдуллах Ахрардың шәкірті болған. Ұстазының арнайы көңіл бөлуімен әртүрлі ғылымдарда жетілген.

Қысқа уақыт өткен соң ұстазы оны Анатолыға жібереді. Енді ақиқат сапарын осында жалғастырады. Самаркандтағы сопылық мектебінен танитын досы Абдуллах-ы Илаһимен бірге оның туған жері Симавға қоныс аударады.

Симавда бір мектеп ашады, бұл мектеп Нақшбандия ағымының Анатолыдағы тұңғыш орталығы ретінде танылады.

Әзірет Әмір Бухаридің соңғы аялдамасы болса Мекке қаласы болады. Шыққан қажылық сапарының артынан 1 жыл осы киелі топырақтардың руханиятынан пайдаланады.

Сол кезде Стамбұлды қайтадан құруға тырысқан Османлының мемлекет қайраткерлері оны астанаға шақырады. Қаланың рухани жеңісіне үлес қосу үшін шақырылған көңіл дәруіштерінің бірі болып табылады. Фатих ауданы маңына келіп, Нақшбандия ағымының Стамбұлдағы тұңғыш орталығын да ашады. Жылдар бойы халық пен мемлекеттік кадрлардан сан алуан адамның рухани дүниесін құруына үлес қосып, оларды Алла жолында тәрбиеледі.

1515 жылы қайтыс болған кезде бірнеше кітабы мен көптеген шәкірті жетім қалады. Бір сопы ретінде қуанышы және ақиқат жолына бағыныштылығымен терең із қалдырады.Осы ізін шәкірті Ламии Челебидің ұстазын еске алып, жазған мына жолдарынан көруге болады.

Не деген махаббат, бұл қандай махаббат тоймайды осы махаббатқа,

Не деген мұхит, бұл қандай мұхит көңіл шықпайды осы мұхиттан.

Дәруіштер - өздеріне негізгі міндет ретінде нәпістің тәрбиесін таңдаған кісілер. Ғұмырларын бұл жолда күресуге арнайды. Және талпыныстарында қаншама табысқа жетсе, мәртебелері де соншама өседі.

Әзірет Әмір Сұлтанның нәпсісін жеңу үшін іске қосқан кейбір әдістері бар. Бұлардың алғашқысы, қайда нәпсіге ауыр келген бір іс болса ол үшін жүгіру болып табылады. Мысалы қажет жағдайда таудың төбесінен ағаш кесіп әкеледі немесе тұншықтырған жаздың ыстығында жер егетін.

Тағы бір әдіс болса тәкаппарлық пен көз тартатын әр нәрседен аулақ болу. Әзірет Сейид Бухари осы себепті өзіне бағытталған ең кіші ілтипаттың өзінен зерігетін. Тіпті пайғамбар тегінен шыққаны себепті өзіне көрсетілген құрметке қатты ұялғаны да айтылады. Әр ортада және әр жағдайда кішіпейілділігін тастамаған.

Әзірет Сейид Әмір Бухари нәпсісін жою үшін адамдармен қажеттілігінен көп байланыспайтын. Әр нәрсені өз сәтіне қалдыратын бір әдісі бар еді. Ұзақ және бос сөзбен уақыт өткізіп, нәпсісін қандырмайтын. Екі сәлем арасында өткен мерзімнің ішіне аз сөз, көп махаббат сыйғызатын.

Әзірет Сейид Әмір Бухари аз жейтін, аз сөйлейтін және аз ұйықтайтын. Ол жүрген жолда ғұламаның семізі мен көп ұйықтағаны онша қадірленбейтін.

Махаббатың маған бағыт береді,

Кейде оңға, кейде солға.

Тура жолды ол көрсетеді,

Бұдан басқа маған не керек?

 

Әзірет Сейид Әмір Бухари қажеттілігінен басқаны кері қайтаратын бір тұлға еді. Өз еңбегімен тапқан аз ғана күн көрістікке көнетін. Әлемде еш нәрсеге көңіл аудармауды үйренген болатын. Осыған қоса бір-ақ нәрседен алыста жүре алмайтын. Әрине Хаққа деген бағыныштылығы мен сүйіспеншілігі... Адасқан жолда компасы, қайғылы кездерде көңіл тыныштығы Алла сүйіспеншілігі еді.

Сен білесің, сенен өзге ешқандай шах болмас маған,

Сенен артық падиша табылмас маған.

Әзірет Ахмед-и Бухари махаббаттың бос қауесеттен тұрмайтынын да жақсы білетін. Бұл себепті мүмкіндігінше сүйіспеншілікке лайық болуды ұсынады. Оған қарағанда әрі ғашықпын деп, әрі қозғалмау еш дұрыс ұстаным емес еді:

Бұл ғашықтық па? Әй тіл, махаббат бұлай бола ма?

Оны шын жүректен сүйгендердің жағдайы мұндай бола ма?

 

Жұмыстың әлем пікірі, көңілден шықты Хақтың зікірі,

Еш ұялмайсың ба Хақтан, бас тарту мұндай бола ма?

*   *   *

Өзге махаббаттармен өтті өміріміз,

Жай төбелестермен өтті күніміз,

Мәртебе мен қожайындық әуестігі,

Осы бас июмен өтті өміріміз.

 

Адам өмірі қысқа. Оның бір емтихан екенін түсінгенше қолымызда ешнәрсе қалмайды. Бұл қысқа мерзімде өзіне тән бір мағынасы емтихан сезімі. Адамды одан жақсы бір тұлға болуға, одан көп жұмыстануға және сүюге итермелеген де осы. Әзірет Сейид Әмір Бухари сияқты Алла достары өлеңдері және әңгімелерімен саналарда бұл емтихан түсігін ояндыруға тырысады. Қазіргі замандағы телефонмен ояту қызметі сияқты адамдарды хабарсыздық ұйқысынан ояндыруға талпынады. Өйткені Тәңірдің адамға жүктеген жауапкершілігін ол сияқты дәруіштер жақсы біледі.

Адамдар «намыс» деген ұғымды жыныстықпен байланыстырады ғой, Әзірет Сейид Әмір Бухари адамның өзі мен Раббы алдындағы жауапкершілігін де намыс ұғымына жатқызады. Бұл жауапкершілікті көрмеген немесе жоққа санағандарға қайғылы түрде күлімсірейді. Ызамен емес мейірімділікпен, кемсітумен емес насихатпен;

Арман мен әуестігің, дүние танымың ғой көрінісің,

Бейшара әр ахуалың, ғибадат мұндай бола ма?

 

Жұмысың не хабарсыздық ұйқысы немесе мүлік қайғысы,

Кәні намыс, кәні қайрат, жәрдем дегенің мұндай бола ма?



Ұқсас жаңалықтар