Идлиб түйіні

Күн тәртібі 35

Идлиб түйіні

Күн тәртібі - 35

2011 жылдан бері жалғасқан Сирия дағдарысында Идлиб аймағы оппозицияның соңғы қорғанына айналды. Идлибке қоса төңірегіндегі батыс және оңтүстік Алеппоға қоса, Солтүстік Хама мен Солтүстік Лазкийедегі Түркмен тауларын қамтыған алаң Асад режиміне қарсы күресетін оппозицияның бақылауындағы соңғы аймақ болып табылады. Оппозиционерлердің Алеппо, Шығыс Гута, Дера, Кунейтра және Солтүстік Хомус сияқты аймақтардан шегінуі Идлибдегі оппозиция болмысын одан да маңызды қылады.

Астана процесінде 3 миллионға жақын тұрғын санына ұласқан Идлибке қақтығыссыз аймақ мәртебесі берілді. Ресей және Иранмен Астана келісімі аясында Түркия құрған 12 күзету аймағының тағдыры аса маңызды болып табылады.

Идлиб аймағындағы оппозиционерлер кейде бір-бірімен қақтығысуда. Бұл тек қана идеологиялық емес, күш күресі тұрғысынан да бөлінудің көрсеткіші. Аймақтағы соңғы жаңалықтарға қарағанда оппозициялық тұрғыдан Идлибте «Хейетe Тахрир-уш-Шам» және «Ұлттық еркіндік майданы» шаңырағы астында екі бөлек лагерь болып жиналады. Хейетe Тахрир-уш-Шам ұйымы АҚШ тарапынан террор ұйымы ретінде жарияланса, Ұлттық еркіндік майданы Түркияның қолдауын алған жасампаз ұстанымдағы оппозициялық топ болып табылады. Хейетe Тахрир-уш-Шам Астана келіссөздерінен тыс қалдырылған да, Ұлттық еркіндік майданы Астана процесіне қосылды.

Режим және одақтастарының аймаққа операция жасау сылтауы ретінде алға тартылған радикал топтар бар. Түркия болса саяси маневрлермен бұл топтарды жою үшін күш жұмсауда. Идлиб Астана процесі аясында қақтығысты тоқтату аймағы ретінде қабылдануына қарамастан режим және одақтастары Идлибті тікелей нысанаға алатындары жайлы сөйлемдерін арттырды. Идлибке жасалатын әскери бір операция Түркия тұрғысынан үлкен риск туғызады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистура мәлімдемесінде Идлибте Шығыс Гута сценарийі қайталанған жағдайда, гуманитарлық жағдайдың Шығыс Гутадан алты есе нашар болатынын ортаға қойды. Идлиб пен айналасындағы оппозиционерлердің көзін құрту Түркияның ықпалындағы Африн, Әзез, Баб, Джераблус сияқты аймақтарға да тікелей қауіп төндірген бір шындыққа апарады.

Режим күштерінің қазіргі әскери күші Идлибке бағытталуы ауқымды бір операцияның тек қана Ресейдің бекітуі және қосылуымен жүзеге асатынын көрсетеді. Түркия мен Ресейдің майдандағы қазіргі ұстанымдары және екі ел арасындағы ынтымақтастық Мәскеудің Анкараға тікелей қауіп төндіретін осылай бір қадамды басу ықтималын әлсіретеді.

Бірақ аймаққа бағытталған әуе шабуылдары Астана процесімен жасалған келісімге деген сенімге зиян келтіріп, аймақтың тұрақсыздығына үлес қосады. Болуы ықтимал Идлиб операциясына қарсы Түркияның күзету мұнараларының бас тартқызушы күшінің алдағы кезеңде режим және режим жақтастары тарапынан сынақтан өткізілетіні сөзсіз. Түркия салған 12 күзету мұнарасы аймақтың құрлықтан нысанаға алынуына кедергі жасайды.

Режимнің Идлибке ауқымды бір операция жасау үшін әскери күшінің жеткіліксіз және осы аяда әсіресе Ресей мен Иранға толығымен бағынышты екені байқалады. Ресейдің ықпалындағы Асад режимінің Идлибке шабуылдау шешімі Ресей мен Иранның қолдауынсыз жүзеге аспайды деп айтуға болады. Режимнің Идлибке шабуылдау шешімінің тек қана Ресейдің бекітуі және ауқымды қолдауымен жүзеге асатыны байқалады.

Түркия Идлиб тақырыбында орыстармен жүргізген келіссөздер арқылы шамамен 3 миллион жазықсыз адам өмір сүрген аймақты үлкен бір гуманитарлық дағдарыстан құтқаруға талпынуда. Аймаққа бағытталған әуе шабуылдарына қарсы Түркияның Ресей және режим әуе күштерін Сирия әуе кеңістігінде тоқтату күші болмағандықтан дипломатиялық жолмен әуе шабуылдарын мүмкіндігінше азайтуға тырысады. Сондай-ақ радикал ұйымдардың Идлибтегі болмыстарын азайтып, Ресей және режимнің аймаққа бағытталған әуе операциялары үшін алға тартқан сылтауларын жою керек.

Сирияда қақтығыстарды жойып, Астана процесін табысты аяқтаған соң саяси бір шешім табу тұрғысынан Түркияның оппозиционерлерді бір шаңырақ астында жинауы аса маңызды. Режим мен одақтастарының Идлибке бағытталған шабуылдаушы ұстанымынан бас тартуы және әуе шабуылдарын тоқтатуы да қажет. Бірақ режимнің Идлибтегі оппозиционерлерді де тазалап, әскери тұрғыдан Сирия оппозициясы мен төңкерісшіл күштерді толығымен залалсыздандыруды нысанаға алғаны байқалады. Астана мен Сочи кезеңі аясында жүргізілген жаңа атазаңы жасау және басатын басқа тиісті қадамдарды да режимге қарсы санкция факторы ретінде болмысын жалғастыру керек. Түркия тұрғысынан Идлибтің қорғалуы босқын ағымы ықтималынан бастап Евфрат қалқаны операциясына (FKH), Зәйтүн бұтағы операциясынан (ZDH) PKK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-мен жүргізілген күреске және Сирияның болашағымен байланысты жалғасқан келіссөздерге ықпалына дейінгі ауқымды бір алаңда аса маңызды болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар