Шейх Әбул Вефа (Муслихиддин Әбул Вефа әл-Бузджани)

Анатолының дана - ғұламалары 34

Шейх Әбул Вефа (Муслихиддин Әбул Вефа әл-Бузджани)

Вефа тек қана Стамбұлдағы бір ауданның аты болып табылады.

Достармен әңгімелескенде жиі естілетін жағымсыз бір сөз. Жиі естиміз. Өйткені  түрік тілінде «вефа» яғни, «уәде» немесе «берілгендік сезімі» әр түрлі көңіл ынтымақтастығының негізін құрайды. Ол болмаса сүйіспеншілік, достық та орнамайды. Дегенмен қазір бұл сезімді кездестіру қиын. Адамдар берілуді тіршіліктерінен алып тастаған сияқты. Не өздеріне, не басқаларға не болмаса уәделеріне мықты бағыныштылық қалмаған...

Әйтпесе түрік тіліндегі «ахде вефа» яғни, ізгі ниет бізге шынайылық қосатын ең мықты тұсымыз. Өзімізбен, басқалармен және Тәңірмен бейбіт өмір сүруіміздің жалғыз жолы. Қарым-қатынастарымызға бұл сезім бағыт бермейтін болса, тіршілігіміз ренішке ұшыраған бір көңіл хикаясына айналар.

Міне, осы жағдайға ұшырамау үшін дәруіштердің іздерінен жүрген дұрыс. Өйткені олар берген уәделерін орындаған, жұмыстарында болса ізгі ниетті шырақтай ұстаған тұлғалар болып табылады. Бұл себепті ақиқат жолында да уәделеріне ең көп сенетін адамдар.

Бүгін сіздерге жүрген жолындағы берілгендігі және шынайылығымен даңқы шыққан Әзірет Шейх Әбул Вефа әл-Бузджаниді таныстырамыз. Және «Вефа» атының неліктен тек қана бір аудан аты емес екенін көреміз.

Стамбұлдың «Вефа» ауданының атын атауға ұйытқы болған Муслихиддин Әбул Вефа 15-ші ғасырдың бастарында Кония қаласында дүниеге келген. Алғашқы білімінен кейін Эдирне қаласына барып, діни және дәлдік ғылымдарда білім алған. Астрономия, астрология, математик және космография сияқты салаларда жетілген. Бір жақтан да сопылық жолының ұлы ұсталарымен байланыс жасап, рухани дамуын толықтырған. Туып өскен төңіректе әрі ғылыми қабілеті, әрі мінез-құлқымен мәртебелі бір орынға көтерілген.

Өмірінің ортасында қажылыққа баруға шешім қабылдап, қасына кіші қызын да алып қиын бір сапарға аттанған. Қиын деп отырмыз, өйткені теңіз жолын таңдаған болатын және ол мінген кеме Родос су айдынында қарақшылар тарапынан алып қашырылған. Біраз уақыт құл болып өмір сүруге мәжбүр қалған. Дегенмен қарақшылар басқа құлдардың Әзірет Шейх Вефаға құрмет көрсеткенін, оның маңызды бір тұлға екенін түсінген соң, ақша төлеп еркін жіберілуіне рұқсат еткен. Ақыры Караман Әмірі Ибрахим бей де бұл жағдайды естіп қажетті шараны қолданған, Шейхті құлдықтан босатқызып, құтқарған.

Бұл құлдық өмірі Әзірет Шейх Әбул Вефаның тіршілігінде маңызды бір кезең болып табылады. Өйткені Родоста таныған христиан қарақшылармен жақсы байланыс орнатып, олардан понти тілін үйреніп алған.

Конияға оралған соң бұл жолы өмірінде жаңа бір парақ ашылады. Кония Әмірі қаза тауып, Стамбұл жеңісіне қол жеткізген Фатих Сұлтан Мехмет Хан оны қасына шақырады. Константинопольдің рухани жеңісі үшін ол сияқты рухани даналар қажет болатын.

Стамбұлда көбінесе понтилер өмір сүрген Вефа ауданына алғашқы келуі де осылай басталады. Ол жерде ұстаз ретінде сопылық мектебі ашты, шәкірттер тәрбиеледі, кітаптар жазды. Тек қана мұсылмандар емес, басқа дінге тән адамдардың да сүйіктісіне айналды. Барша үйін және көңілінің есіктерін ашты, жомарттығымен көңілдерді өзіне бағындырды..

Анатолы ғылымы үстіне құрылған негіздердің бірі де оның рухани мінез-құлқы болатын. Жасаған үлкен қызметтері мен құрметтеу мақсатты оның есімі өзі өмір сүрген ауданға мұра қалды.

Әзірет Шейх Вефаның өте келбетті бір адам екені айтылады. Оны көргендер алдымен жүзіне, кейін аянышқа толы көңіліне берілетін. Сөйлеу мәнерінің күші де қатты әсер ететін. Бүкіл Стамбұл халқы оның байсалды көрінісіне серік болған жылы және нәзік әдісіне қайран қалатын.

Әзірет Шейх Әбул Вефа өзіне бай мен мәртебе иелерінен емес, мұқтаждардан дос табатын. Кедей, жесір, жетім, қария, иесіз адамдарға берілген бір дос болатын. Олармен құрған шеңберіне мүлікке қызыққан адамдар онша кіре алмайтын. Өйткені дүниеге берілгенге онша назар аудармайтын.

Әзірет Шейх Әбул Вефа бала немесе ересек болсын, момын немесе кәпір болсын баршаға есігін ашқан, баршаның мінез-құлқына құрмет көрсеткен. Осы ерекшелігімен де қатты құрметтелген. Неліктен адамдар арасында бөлшектеушілік жасамағанын сұрағанға аспанды көрсететін. «Алла» дейтін, «тек қана өзіне берілген құлдардың емес, барлық әлемнің раббы. Ал оған құлдық жасаған біздерге адамдар мен ғаламдар арасында бөлшектеушілік жасау жараса ма?»

 

Бейхабармен жұмыс істеме,

Көп қыдыруға үйренбе.

Жаман сөзге араласпа,

Дәруіш болам десең.

 

Түсіңе өтірік қоспа,

Басқаның сөзін алып, сатпа.

Баскесер алдына жатпа,

Дәруіш болам десең.

 

Әр сөзге қырсықпа,

Әр жамандықтан табылма.

Шатақ жолға барма

Дәруіш болам десең.

 

Дәруіштік бір шапан, бір таяқпен болмайды. Кішіпейілділікті шапандай сыртына жамылумен, сөзін таяқтай тік ұстаумен жасалады. Бұл мәртебені барша қаласа да, тек қана талпынғандар қол жеткізе алады.

Дәруіштік – жұмаққа баратын жанын сәл де болса тозақта жүргізудің өзі. Отқа түсіп, шыдай алу деген сөз. Дәруіштік моншаға кіріп терлеу, тікенектерге шыдау болып табылады.

Дәруіштік – тура жолдың жолаушысы болу. Қисық отынның өзін отқа лақтырмайды дәруіш. Ақиқат сөзіне қисықтықты жұқтырмайды.

Әзірет Шейх Әбул Вефа өлеңдерінде дәруіштің міндеттерін біртіндеп түсіндіреді. Жақсы көргендерді ертең күні хақ диванында «сен бізге осыларды айтқан жоқсын ғой» деп айтпауы үшін ешбір нүктені ұмытпау деген сөз. Өйткені ол жақсы көргендер үшін ыңқылдаған, бір жасалған қайырымдылықты мың қылған пір болып табылады.

Фатих Сұлтан Мехмет Шейх Вефаға үлкен мән бергені үшін оның сұхбатынан ләззат алғысы келген. Қайта қайта шақырғанына қарамастан болымды жауап алмағаны себепті оны көруге сопылық мектебіне барады. Алайда мектептің есігіне келген кезде де жағдай өзгермейді, болымсыз жауап қайтарылады. Әлемнің мықты армияларына тізе бүктірген, қаншама қорған қолға түсірген Фатих бас иіп, дәруіштей қылық көрсетіп, қасындағыларға «Демек сенімге тұрарлық емес екенбіз» дейді.

Мұны айтқан кезде әңгімеге қарағанда Әзірет Шейх Вефа болса есіктің арғы жағында көз жасы төгіп отырған. Дәруіштер сұраған «Ұстаз қабылдамағаныңыз себепті соншама көз жасын төгетін болсаңыз, неліктен ішке кіруіне рұқсат бермедіңіз?». Әбул Вефа былай жауап қайтарған: «Балам дәруіштік жолы дүние мүліктің құнын жояды. Егер Сұлтан осы жолға бет бұратын болса, тақ оның көзінде кішірейіп, мемлекет жұмыстарынан бас тартады. Міне, бұл халыққа жақсылық әкелмейді. Көңілдердің сұлтаны болу жақсы дегенмен халықтың тіршілігі үшін жаһан Сұлтандары да қажетті».

Әзірет Шейх Вефа бұл сөзімен әр нәрсені өз орнына яғни, орталығына қоятын даналардың бірі екенін көрсетеді. Халықтың жақсылығы мен оларға қызмет тақырып болғанда көңіл қуанышынан да бас тарту керек екені айтылады.

Есікте күткен бір падиша да болса бұл жағдай өзгермейді.



Ұқсас жаңалықтар