Күн Тәртібі-01

Ирандағы басты мәселе-нашар экономикалық жағдай мен ішкі саяси қақтығыстар.

Күн Тәртібі-01

Иранда кедейшілік және жұмыссыздыққа наразылық көрсету мақсатымен Мешхед қаласында басталған шерулер Нишапур, Шахруд, Керманшах, Кұм, Решт, Аяд, Казвин, Захедан, Ахваз және басқа көптеген қалаға таралды. Шерулерде алдымен үкімет сынға тартылды. Одан кейін төңкеріс лидері Аятолла Әли Хаманей секілді саяси лидерлер мен режим нысанға алынды. Ком сынды Иранның маңызды орталығында «Жоғалсын Хаманей, жоғалсын Хизбуллаз» деген ұран салынды. Шерулерде болған оқиғаларда жүздеген адам қамауға  алынды және көптеген адам қаза тапты.

Әрине басты мәселе Иранда бұдан кейін не болады? Ереуілдер кең қанат жайып жалғаса ма? Әлде тоқтап қала ма?

Саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қорының маманы Жан Ажунның осы тақырыпқа байланысты көзқарастарын ұсынамыз.

Жалпы Иранның ішкі саясатына қарағанда екі маңызды мәселенің болғанын байқаймыз. Бұл екі мәселе-нашар экономикалық жағдай мен ішкі саяси қақтығыстар.

Рухани үкіметі мен дін ғұламасы Хаманей арасында жалғасқан күрес сайлаудан кейін барған сайын өрбуде. Руханидің маңындағыларға және Иран төңкеріс қорғаушыларына бағытталған парақорлық жөніндегі айыптаулар Иран халқының Иран мемлекетіне деген сенімін азайтты. Иранға қарсы жасалған эмбарголар мен нашар басқару кесірінен туындаған парақорлықтың  бірлесуі нәтижесінде Иран экономикасы құлдырады.

Барлық мұнай және табиғи газ ресурстарына қарамастан ұлттық кіріс 500 миллиард доллардан 350 миллиард долларға түсті. Мемлекетте инфляция және жұмыссыздық мәселесі бар. Инфақұрылым олқылықтары , ауа ластығы және құрғақшылық қауіпті деңгейге жетті. Сыртқы саясатта болса үстемшілдік бір саясат ұстануды жалғастыруда. Ливан, Йемен, Сирия және Иракта үлкен экономикалық шығындар болғанымен маңызды табыстар да болды. Алайда геосаясаттағы жеңістерге халық онша көңіл бөлмейді.

Иран ішіндегі ереуілдерде назар аударған тақырыптың біреуі этникалық ереуілдер болды. Ахваз аймағындағы арабтар Иранның шығысындағы белучлар, Иранның батысындағы күрдтер және Ирандағы түрікмендердің шерулері  этникалық негізіндегі бөлшектеушілік ретінде байқалуда.

Ирандағы шерулердің негізінде ішкі саясаттағы кемшіліктер мен халықтың мазасыздығы жатса да, шерулердің халықаралық жағы бар. Иран мемлекет органдары ереуілде өлтірілген адамдардың қанды қолдарының шетелдік тыңшылар екенін алға тартты. АҚШ Президенті Дональд Трамптың Твиттер арқылы жасаған Ирандағы ереуілдерді қолдаған мәлімдемелері де шетелдік килігу пайымдауларын растауда. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху да Ирандағы шерулерге риза болды.

Түркия Сыртқы істер министрлігі жасаған Түркияның дос және бауырлас Иранның әлеуметтік тұрақтылығы мен тыныштығының қорғалуына қатты көңіл бөлгені білдірілген мәлімдемеде Президент Хасан Руханидің халықтың шеру ұйымдастыру құқығының болғанын, алайда мемлекеттің заңына қайшы әрекет жасамау және мемлекеттің мал-мүліктеріне зиян тигізбеу жөніндегі мәлімдемесіне назар аудара отырып, Иран халқының провокацияларға қарсы абай болуы керектігі білдірілді.

Дональд Трамптың Шығанақ сапарынан кейін әсіресе Иранға қарсы құруға тырысқан Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Бахрейн және Израиль ортақ шебінің Ирандағы ереуілдерді мұқият қадағалап отырғаны байқалуда.

Мысалы Иран мемлекеті де талай жылдан бері елде болған көптеген мәселенің себебін шетелдердің килігуі ретінде көрсетуде. Иран президентінің бірінші орынбасары Исхак Жихангири өткен апта аяғында жасаған баяндамасында «Экономикалық тақырыптар басқа тақырыптарға сылтау етілген. Арт артынан жоспарлы түрде сценарийлер жасалуда» деді. Хасан Рухани үкіметінің ресми таралым органы «Иран» газеті де кеше бірінші бетінде жариялаған мақалада «Кейбіреулер халықты өз мақсатына жету үшін бір ойыншық деп ойлауда» деген сөздерге орын берді.

Аятолла Әли Хаманей болса жағдайды «Дұшпандарымыз елді былықтыру үшін ақша, қару және тыңшы қолдануда» деп тұжырымдады.

Бірақ Иранның халықаралық құзырындағы дұшпандары осы ереуілдердің халық көлемінде себептерін жаппауы керек. Мемлекеттегі экономикалық мәселелер салдарынан бірталай уақыттан бері үлкенді кішілі ереуілдер ұйымдастырылған еді. Барлық табиғи байлықтарға қарамастан Иранда халық барған сайын кедей болуда. Сонымен қатар соңғы кезеңде режиммен байланысты кейбір қаржы фирмалардың банкрот болуы және миллиондаған адамның қиын жағдайға душар болуы ереуілдерді ушықтырды.

Сонымен қатар ереуілдерде «Ақшаларымызды Сирия, Газа және Ливанға жұмсамаңдар», «Халық қайыршы болуға айналды», «Сирияны таста, біздің жағдайымызға қара», «Газаға емес, Ливанға емес, жаным Иранға пида», «Жоғалсын Хизбуллах» сынды ұрандар салынды. Мұндай ұрандар шерушілердің Иран мемлекетінің Орташығыстағы үстемшілдік саясатынан мазасыз болғанын көрсетуде. Иран бір жағынан экономикалық мәселелерімен арпалысса, енді бір жағынан Орташығыста үстемшілдік саясаттар ұстануда. Иранның Сирияда соғысқан сарбаздарға берген айлығы өз елінде өмір сүрген азаматтардың айлығынан көп.

Сонымен бірге «Ислам Республикасын қаламаймыз», «Азаттық, еркіндік Иран Республикасы» сынды ұрандар шерушілердің Ирандағы қатал режимінен де мазасыз екенін білдіруде. Жаһандық ақпарат және қатынас мүмкіндіктері арқылы басқа елдерді көріп біліп отырған Иран халқы әсіресе Түркия сынды мұсылман елдер мен өз тұрмыс тіршіліктері және деңгейлерін салыстыруда.

Қорыта айтқанда Ирандағы наразылық шерулерін қозғаған көптеген фактор бар. Бір жағында еркіндік және экономикалық байлық ізденісі, енді бір жағында Иранды нысанға алған елдердің былықпа ізденісі. Түркияның Ирандағы оқиғаларға деген тұғыры болса, екі шындықты да көздеген бір тепе-теңдік саясат ретінде пішінденді. 


Этикеттер: Сирия , АҚШ , Иран

Ұқсас жаңалықтар