Түркия өсуде әлем лидері

Түрік әлемінен жаңалықтар-51

Түркия өсуде әлем лидері

 

Бағдарламамызды Түркиямен байланысты  хабармен бастайық.

Бірінші хабардың тақырыбы «Түркия өсуде әлем лидері» деп аталады.

Түрік экономикасы осы жылдың үшінші ширегінде жалғасты өсіп, Еуропа Одағы, Үлкен 20  тобы елдері және Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдерінен озды.

Еуропа Одағы елдерінен төрт есе өскен Түркия Қытай мен Үндістанды артқа тастады.

Анадолы агенттігі тілшісінің Түркия статистика мекемесі, Еуропа статистика офисі және Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы көрсеткіштерінен алған мағлұматтарына қарағанда Түркия осы жылдың екінші ширегінде 5,2 пайыздық өсу күшін үшінші ширекте екі еседен тіпті көп арттырып 11,1 пайызға көтерді.

Түркия осы өсу деңгейімен аталмыш кезеңде Еуропа Одағы, Үлкен 20  тобы елдері және Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдері арасында бірінші орынды иеледі.

Еуропа елдері осы жылдың екінші ширегінде 2,1 пайыз, үшінші ширегінде болса 2,5 пайыз өсті. Осылайша Түркия Еуропадан орташа есеппен 4 есе өсті.

Еуропада осы жылдың үшінші ширегінде экономикасы ең көп өскен ел Румыния болды. Румыния аталмыш кезеңде 8,8 пайыз өсімге қол жеткізді.

Ендігі хабарымыз Қазақстан жайлы.

Хабардың тақырыбы «Қазақстандағы түрік фирмаларының санын арттыруды көздеудеміз» деп аталады.

Түрік-Қазақ іскерлер одағы басқару алқасы төрағасы Фырат Девелиоғлұ Қазақстанда жұмыс істеген түрік фирма саны және екі ел арасындағы өзара инвестицияларды арттырып, ынтымақтастық және бауырластық байланыстарын одан әрі күшейтуді көздегендерін білдірді.

Девелиоғлұ Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде Түрік-Қазақ іскерлер одағының 2016 жылғы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін құрылғанын және қазір 49 мүшесі болғанын білдіріп, Қазақстанда жұмыс іститін іскерлердің 90 пайызына өкілдік еткендерін айтты.

Түрік-Қазақ іскерлер одағының құрылу мақсатының Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда қарым-қатынастарын күшейтіп, Қазақстанда жұмыс істеген түрік іскерлеріне қолдау жасау екенін түсіндірген Девелиоғлұ фирмаларға құқықтық тақырыптарда қолдау және мүмкіндік жасау жөнінде мағлұмат беру міндетін атқарғандарын жеткізді.

Тіл және мәдениет жақындығына орай түріктердің Қазақстанда жұмыс істеуінің тіпті оңай болғанын баяндаған Девелиоғлұ «Өйткені бұл жер біздің бауырлас еліміз. Іскерлеріміз бұл жерде қазақ қыздарымен үйленуде және қыздарын қазақ жігіттеріне беруде. Осылайша шаңырақ құруда» деді.

Қазақстанға инвестиция салғысы келген түрік іскерлерінің Астана елшілігіне өтініш беру керектігін, елшіліктің Түрік-Қазақ іскерлер одағына жол көрсететіндерін атап өткен Девелиоғлұ «Бұл жерде инвестиция жеңілдіктері басқа елдің азаматтарымен салыстырғанда Түркия үшін тіпті жақсы» деген сөздер қолданды.

Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда көлемі осы жылдың алғашқы жартысында 2016 жылының сол маусымымен салыстырғанда 36,1 пайыз артып, 925,1 миллион доллар болды.

Бағдарламамызды Қырғызстаннан келген бір хабармен аяқтаймыз.

Әлемге әйгілі қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматов туылғанына 89 жыл толуына орай Қырғызстанның бас қаласы Бішкекте бейіті басында еске алынды.

Жазушының туғандары мен оқырмандары Ата Бейіт мемориалдық кешеніндегі қабіріне гүл шоқтарын қойып, Құран Кәрім оқыды.

Жазушының отбасы мұражайға айналдырған үйі де келушілерге ашылды.

Университеттегі студенттерімен бірге келген оқытушы Асел Сатыпалдиева Анадолы хабар агенттігінің тілшісіне жасаған мәлімдемесінде «Бүгін біз үшін мақтанышты бір күн. Қырғыз халқы үшін 12 желтоқсан күні өте маңызды. Өйткені бүгін Шыңғыс Айтматовтың дүниеге келген күні. Егер ұлы жазушы өмір сүретін болса 89 жасқа толушы еді. Айтматов – Қырғызстанның ең беделді тұлғасы. Барша Түркі әлемінің мақтанышы. Айтматов-Қырғыз-Түрік достығының негізін қалап кетті» деген сөздер қолданды.

Ұлттық ғылымдар академиясында да Айтматовтың еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға министрлер мен көптеген ғалымдар қатысты.

Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсан күні Қырғыз Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылында дүниеге келген.

 Ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты

«Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. «Көктөбедегі кездесу» спектаклі көптеген елдердің театр сахналарында қойылды.

Кеңестер Одағы ыдырап, Қырғызстан тәуелсіздік алғаннан кейін әдеби еңбектерімен қатар Люксембург, Бельгия және Голландияда елші болған Айтматов Еуропа Одағы, НАТО және ЮНЕСКО-да міндет атқарды.

Шыңғыс Айтматов 2008 жылы маусымның 10-ында Алманияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада ем алып жатқанда қайтыс болды.

Айтматовтың үш ұлы мен бір қызы бар.

 



Ұқсас жаңалықтар