«Ұлы Жібек жолы 2018» халықаралық экспедициясы

Түрік әлемінен жаңалықтар-48

«Ұлы Жібек жолы 2018» халықаралық экспедициясы

 

Бағдарламамызды Қазақстаннан  келген бір хабармен бастайық.

Бірінші хабарымыздың тақырыбы «Ұлы Жібек жолы 2018» халықаралық экспедициясы сапарға шығады» деп аталады.

«Ұлы Жібек жолы 2018» халықаралық экспедициясы сапары Қазақстанның басшылығында келесі жылы сәуір және маусым айлары арасында ұйымдастырылады.

Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директоры Алмаз Нұразқан Казмедиа орталығында ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Қазақстанның басшылығында әлемге танымал поляк саяхатшы  және зерттеуші Яцек Палкевич жетекшілік ететін «Ұлы Жібек жолы 2018» халықаралық экспедициясы сапарының ұйымдастырылатынын айтты. 

Сапардың сәуір айында Қытайдан басталып, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Беларусьтан өтіп, Польшада аяқталатынын меңзеген Алмаз Нұразқан «Алға қойған мақсатымыз-Ұлы Жібек жолының мәртебесін қайтару, жандандыру және Азия мен Еуропа арасындағы сауда керуендері арқылы қатынасқан елдердің мәдени байланысын нығайту» деді.

Нұразқан «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында саяхатшылар ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларының тізіміне енген 33 нысанға ат басын бұратынын, сондай-ақ ЮНЕСКО тарапынан қолдау көрсететінін айтты. Нұразқан «Ұлы Жібек жолын марка ретінде қолданамыз» деді.

«Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы» АҚ төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев биыл маусым-қыркүйек айларында өткізілген Астана EXPO 2017 Халықаралық энергия жәрмеңкесінен кейін  Қазақстанның тек мұнай және табиғи газ елі ғана емес, сонымен қатар туризм елі ретінде әлемге ашылғанын атап өтті.

Қазақстанның туризм потенциалын шетелде таныту тұрғысынан Ұлы Жібек жолы сынды мүмкіншіліктерді қолданатындарын баяндаған Дүйсенғалиев «Өйткені Ұлы Жібек жолы тақырыбы әлем маркаларынан тіпті маңызды орынды иеледі. Бұл біз үшін маңызды және Ұлы Жібек жолын сауда маркасы ретінде қолдануымызға мүмкіндік жасайды. Қазақстан маркаларының бірі де Ұлы Жібек жолы болады» деді.

Кезектігі хабарымыз Қырғызстан жайлы.

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА Қырғызстанның солтүстігінде Красная Речка ауылының ауыз су қажеттілігін қамтамасыз ететін жобаны тамамдап жұмысқа қосты.

Қырғызстанның Ахыска(месхет) түріктері қоғамының талабы бойынша ТИКА Бішкек бағдарлама координациялығы Красная Речкада 125 отбасының ауыз су қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жер астына 1250 метр ұзындығында су құбырын тартқызды және ауылдың мешіті орын алған жерге су бұрқағын салғызды.

Бұл іс-шараның ашылу рәсіміне ТИКА Бас ақылшысы Камил Колабаш, ТИКА Бішкек бағдарламасы координаторы Али Муслу, Ахыска түріктері қоғамының басқару алқасы мүшелері, жергілікті лауазымдар мен көптеген қонақ қатысты.

Құран Кәрімнің оқылуымен басталған рәсімде Колабаш ТИКА төрағасы Сердар Чамның сәлемін жеткізіп бастаған баяндамасында қырғыз халқымен әлеуметтік салада жобаларын жалғасты жүзеге асыратындары түсіндірді.

ТИКА жобаларының ауыл халқына қайырлы болуын тілеген Колабаш «Су бұрқағы болған жерде әрқашан қуаныш болады» деген сөздер қолданды.

ТИКА Бішкек бағдарламасы координаторы Али Муслу да ТИКА-ның Қырғызстанда ауыз су жобаларына қатты көңіл бөлгендерін түсіндірді.

Бағдарламамызды Стамбулдан келген бір хабармен  аяқтаймыз.

Түркияның отандық автокөлігін өндіретін Ортақ талпыныс тобында орын алған бес алпауыттың бірі болған Зорлу холдинг басқару алқасы төрағасы Ахмет Назиф Зорлу отандық автокөлікте керемет жаңалықтардың болатынына сенгенін білдіріп, «Бұған баршаның сенуі керек. Сенбесеңіз жүзеге аспайды. Жолға шықтық. Енді бұл жұмысты Алла әкбер, биссимилла деп бастайық» деді.

Зорлу бір бағдарлама аясында Бурсаға келді. Бұл жерде Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде қаланың автокөлікте сөздерінің өтетінін айтты.

Түркияда өндірілген автокөліктің 60-70 пайызының Бурсада жасалғанын білдірген Зорлу өткен апта өткізілген «Автомобиль кездесулері» жиналысына шетелден де қонақтардың қатысқанын және іс-шаралар аясында екі жақты кездесулердің болғанын баяндады.

Отандық автокөлік өндірісінде міндет алғысы келгенін атап өткен Зорлу «Осы консорциумда орын алдық. Біз өнеркәсіппен айналысқан бір топпыз. Түркияда өнеркәсіпте адамдарды жұмыспен қамтамасыз еткен ең үлкен топтардың біріміз. Өнеркәсіпте 30 мың жұмысшымыз бар. Алла мемлекетіміз бен тобымызға жақсылық әкелсін. Мен керемет жұмыстар жасалатынына сенемін. Бұған баршаның сенуі керек. Жолға шықтық. Енді бұл жұмысты Алла әкбер, биссимилла деп бастайық» деді.

Әлемде электрлі жаңа машиналар мен ұшқышсыз әуе көліктер болғанын баяндаған Зорлу электрлі машиналардың İT, батарея және мотордан құралғанын білдіріп, былай деді: «Вестел Түркияда алғаш  4.0-ге өтетін ұйымдардың бірі болып табылады. Қазір 4.0-ге бастадық және жалғастырудамыз. 4.0-компьютерін де  роботтарын да өзіміз жасаудамыз. Қазір бастадық, біртіндеп жолымызды жалғастырамыз. Тобымыз осы жөнінде үлес қосады. Бұған ешкімнің күдігі болмасын. Батарея тақырыбында жұмыстарымыз бар. Өткен апта Зорлу Мета Никел Кобальт базасын аштық. Кобальт және сульфат өңдеу комбинатын  құрдық және осылардың шикі заты да Түркияда бар. Біз осы мемлекет үшін әрқашан бармыз және жалғасты боламыз».



Ұқсас жаңалықтар