Өзбек лидерінен Орталық Азияда жаңа бірлік ұсынысы

Түрік әлемінен жаңалықтар-47

Өзбек лидерінен Орталық Азияда жаңа бірлік ұсынысы

 

Түрік әлемінде болған жаңалықтардан хабардар болу және бауырлас елдер арасындағы жақындыққа үлес қосу мақсатымен дайындалған «Түрік әлемінен жаңалықтар» атты бағдарламаның кезекті бөлімін сіздерге ұсынамыз.

Бағдарламамызды Өзбекстаннан  келген бір хабармен бастайық.

Бірінші хабарымыздың тақырыбы «Өзбек лидерінен Орталық Азияда жаңа бірлік ұсынысы».

Жергілікті баспасөзінде орын алған хабарларда Шавкат Мирзиеевтің осы ұсынысы Самарқандта өткізілген «Орталық Азияда тұрақты болатын даму және ортақ баю үшін ынтымақтастық» атты халықаралық конференциясында тілге тиек етілгені білдірілді.

Мирзиеев осындай бір бірліктің құрылуының Орталық Азия мемлекеттерінің тұрақты болатын дамуына мүмкіндік жасайтын индустрия, инвестиция және интеллектуалды әлеуетті ортаға қойғанын баяндады.

Сонымен қатар Шавкат Мирзиеев осы жылдың басынан осы таңға дейін Өзбекстанның аймақ елдерімен сауда көлемінің орташа есеппен 20 пайыз, ал кейбір елдермен 70 пайыз деңгейде артқанын атап өтті. Біріккен Ұлттар Ұйымы мамандарының көзқарасы бойынша Орталық Азия елдерінің алдымыздағы 10 жылда белсенді ынтымақтастығы нәтижесінде  аймақтық таза ұлттық кірісі кем дегенде екі есе артуы мүмкін.

Ендігі хабарымыз Түрікменстан жайлы.

Ашхабадта Ауғанстан бойынша VII аймақтық экономикалық ынтымақтастық конференциясы өткізілді.

Түркіменстан ағымдағы жылдың 14-15 қарашасында Ашхабадта Ауғанстан бойынша VII аймақтық экономикалық ынтымақтастық конференциясын өткізді. Жиналыстың бірінші күнінде аралас бизнес форумы ұйымдастырылды. Форумда түрлі елден келген  әйел іскерлердің бас қосу мүмкіндігі туылды.

Бизнес Форумда Түрікменстан министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Оразмұрат Құрбанназаров және Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф  Ганидің жұбайы Рула Ганин ашты.

Ашылу баяндамасында Құрбанназаров Ауғанстан бойынша аймақтық экономикалық ынтымақтастық форумына және Ауғанстанның тұрақтылығына қатты көңіл бөлгендерін, сондай-ақ Ауғанстан бойынша аймақтық экономикалық ынтымақтастық форумның VII жиналысына үй иелігін жасағанына риза болғанын айтты. Рула Гани де қонақ жайлылық және екі күндік бағдарлама үшін Оразмұрат Құрбанназаров пен Түрікменстан үкіметіне алғыс айтты.

Форумға қатысқан Ауғанстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан және Бахрейн әйел іскерлері «Әйел іскерлердің талаптары мен қиыншылықтары», «Әйел іскерлердің табысты әңгімелері» тақырыпты екі сессияда сөз сөйледі. Олар тәжірибелері айтып, ұсыныстар жасады. Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф  Ганидің жұбайы Рула Гани де форумның ашылуына қатысып, әйел іскерлерге қолдау көрсетті.

Ауғанстан бойынша аймақтық экономикалық ынтымақтастық форумы аясында  Ауғанстанның және қатысушы елдердің сауда және өнеркәсіп өнімдерінің таныстырылуына мүмкіндік жасау мақсатымен Ашхабадта бір жәрмеңке ашылды. Түрікменстан Сауда және өнеркәсіп басқармасы тарапынан ұйымдастырылған жәрмеңкеде Түркия Республикасы Ашхабад елшілігі тарапынан да бір станд ашылды. Түрік стандында Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА арқылы Ауғанстанға жасалған жәрдемдер, Түркияда өткізілген Ауғанстан бойынша аймақтық экономикалық ынтымақтастық форумы жиналыстарының көріністері орын алған видео көрсетілді. Түрік стандын Ауғанстан Президенті Мохаммад Ашраф  Ганидің жұбайы Рула Гани де аралады. Түркия елшілігі қызметкері  Ганиге мағлұмат берді.

Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашит Мередовтың үй иелігінде өткізілген жиналысқа Ауғанстан атынан Ауғанстан президентінің орынбасары Сервеп Даниш және Сыртқы істер министрі Селахаттин Раббани қатысты. Түркия атынан болса сыртқы істер министрі орынбасары Ахмет Йылдыз орын алды.

Бағдарламамызды Орталық Азияға байланысты бір хабармен  аяқтаймыз.

Хабардың тақырыбы «Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстанның шекара келісімі жасалды» деп аталды.

9 Қарашада Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан Республикаларының сыртқы істер министрлері Самарқандта бас қосты. Сыртқы Істер министрлері үш ел шекаралары түйіскен аймаққа байланысты үштік келісімге қол қойды.

Үштік келісімге Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов, Түрікменстан сыртқы істер министрі Рашит Мередов және Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Мемедияров қол қойды.

Бұдан бұрын болса мемлекет шекараларымен байланысты келісімге тек екі ел ғана қой қойған еді.

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов аталмыш келісімнің Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігі үшін тарихи маңызға ие екенін түсіндірді.

Бұның алдында Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері «Орталық Азия қауіпсіздігі» атты жиналысқа да қатысқан болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар