Ташкентте «Түрік-Өзбек достық концерті» болып өтті

Түрік әлемінен жаңалықтар-45

Ташкентте «Түрік-Өзбек достық концерті» болып өтті

 

Бағдарламамызды Әзірбайжаннан  келген бір хабармен бастайық.

Түркия мен Әзірбайжан арасында жоғарғы оқу орындары арасында ынтымақтастыққа бағытталған хаттамаға қол қойылды.

Түркия Жоғарғы оқу мекемесі төрағасы профессор Йекта Сарач пен Әзірбайжан Білім беру министрі Микаил Жаббаров арасында қол қойылған хаттама арқылы университеттерге студент клубы, дипломдардың өзара танылуы және теңдестіру тақырыптары ретке салынды.

Жоғарғы оқу орнынан жасалған мәлімдемеде төраға профессор Йекта Сарачтың Президент Режеп Тайып Ердоғанның Баку-Тбилиси-Карс теміржолы желісінің ашылуы рәсіміне қатысу үшін Әзірбайжанға сапарлай барғаны білдірілді. Мәлімдемеде  төраға профессор Йетка Сарачтың Бакуде Әзірбайжан Білім беру министрі Микаил Жаббаровпен кездескені және екі жоғарғы оқу орындары арасында ынтымақтастыққа бағытталған хаттамаға қол қойғаны баяндалды.

Мәлімдемеге қарағанда хаттама арқылы екі ел ынтымақтастығы үшін мемлекеттік органдар арасында қою байланыс құрылуда. Осы аяда екі ел жоғарғы оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың арттырылуы көзделуде.

Мәлімдемеде жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына сәйкес студент клубы, дипломдардың өзара танылуы және теңдестіру тақырыптарын реттеген хаттаманың екі елдің жоғарғы оқу орындары арасында студент пен мұғалімдердің алмасу тақырыптарының қамтылғаны білдірілді.  

Ендігі хабарымыз Өзбекстан жайлы.

Өзбекстаннан келген хабардың тақырыбы: «ТИКА Өзбекстанда «Самарқанд Медререс-и Алиелери» атты симпозиум ұйымдастырды».

Өзбекстанда Түрік ынтымақтастық және үйлестіру  агенттігі ТИКА-ның қолдауымен «Орта ғасырдағы Самарқанд Медрес-и Алилерінің Ислам өркениеті және білім беру жүйесінің дамуындағы рөлі» тақырыпты халықаралық симпозиум өткізілді.

Симпозиум Қажы Бекташ Уәли мәдениет қоғамы, Самарқанд Мемлекеттік Университеті, Мугла Сыткы Кочман Университеті және Әлем сөз академиясының ынтымақтастығында 30-дан астам шетелдік ғалым мен мамандардың қатысуымен болып өтті.

Самарқанд Мемлекеттік Университеті ректоры профессор Рустем Халмұрадов симпозиумнің ашылу баяндамасын жасады. Халмұрадов баяндамасында Өзбекстан мен Түркия арасында ынтымақтастықтың дамытылуына үлес қосқанын айтып, симпозиумнің ұйымдастырылуында еңбегі сіңген баршаға алғыс айтты.

ТИКА төрағасының орынбасары Сүреия Ер де ТИКА-ның жобаларына тоқталып, Өзбекстан үкіметі мен ғалымдарға алғыс білдірді.

Қазақстаннан келген бір хабарға тоқталайық.

Хабарға қарағанда Әлем банкінің «Жұмыс істеу тиімділігін арттыру 2018» рапортында 190 ел арасында Қазақстан 36-шы болды.

Қазақстан Экономика министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Әлем банкінің «Жұмыс істеу тиімділігін арттыру 2018» рапортында Қазақстанның 36-шы орынды иелеп, Италия, Бельгия, Беларусь, Армения және Қырғызстанды артқа тастағаны баяндалды.

Мәлімдемеде «Жұмыс істеу тиімділігін арттыру 2018» рапортының «аз санды үлес иесі инвесторлардың қорғалуы» индексінде 190 мемлекет ішінде Қазақстанның бірінші болғаны жеткізілді. Мәлімдемеде «Қазақстан келісімдердің орындалуы» индексінде екі жылдан бері 6-ші орында. «Жеке мал-мүлік тіркеуінде»   17-ші орында деген сөздерге орын берілді.

Қазақстанның «Банкротты шешу» индексінде 39-шы орында болғаны баяндалған мәлімдемеде «Фирма тіркеуі» индексінде 41-ші, «салық» көрсеткішінде 50-ші, «құрылыс рұқсатын алу» индексінде болса 52-ші орында екені баяндалды.

Жұмыс істеуде тиімді елдер Жаңа Зеландия, Сингапур, Дания, Оңтүстік Корея және Гонконг.

Бағдарламамызды Ташкенттен келген бір хабармен  аяқтаймыз.

Өзбекстанның астанасы Ташкентте «Түрік-Өзбек достық концерті» болып өтті.

Концерт Түркияның Ташкент елшілігі мен мәдениет таныту басқармасы тарапынан ұйымдастырылды.

Концерттің ашылуында сөз сөйлеген Түркияның Ташкенттегі өкілетті және төтенше елшісі Ахмет Башар Шен түрік пен өзбек халқының бауырлас екі халық екенін баяндап, екі халықтың ортақ тарих, тіл, дін және мәдениетті бөліскенін айтты. 

Шен «Біз түрлі себептен талай ғасыр бұрын бір-бірінен айрылған, басқа географияда өмір сүрген, алайда талай ғасырдан бері бір-бірін сағынған екі бауырлас халықпыз» деді.

Концертте Мәдениет және туризм министрлігі мемлекеттік халық музыка өнерпаздары мен Мемлекеттік халық би ансамблі мен Өзбекстанның «Сабо» ұлттық би ансамблі және өзбек әншілері сахнаға шықты.

Әнші Сержан Каракаш, Арзу Челик Албайрак және Орхан Урал ән шырқады. Мемлекеттік халық би ансамблі Фракия, Трабзон, Битлис және Зейбек өңірлерінің билерін биледі. Түріктің тамаша әндері мен керемет билері өзбек халқын тәнті етті.

Өзбек «Сабо» атты ансамблінің билері көрермендерді баураса, Өзбек әншісі Мадине Түмтаздың орындауындағы  Ашык Вейселдің «Ұзын тар бір жолдамын» деген әні ду шапалаққа ие болды.

Концерттен кейін елші Шен Түрік-Өзбек достық концертіне қатысушыларға және концертті ұйымдастырғандарға сыйлық табыс етті.

 



Ұқсас жаңалықтар